11.10.2023
  58


Автор: Ұлттық ұлан күні

Ұлттық ұлан туралы

1992 жылы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскері құрылған болатын. Қазақстанның ішкі әскерлерінің ел үшін деп жасап жүрген қызметтерінің маңызы өте зор.
2014 жылдың 21 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскері Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы болып қайта құрылуын ұйымдастырды. Ия, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы болып қайта құрылған, Ұлттық ұлан деген әдемі атқа ие болған елімізді қорғаушы жауынгер күштері отқа да түсер ел үшін, суға да түсер ел үшін, солай емес пе?!
Расында да, елімізде қандай жағдай болмасын сақадай сай тұратын ішкі әсерлеріміз, біздің Ұлттық Ұландарымызды өз істерінің нағыз мамандары десек қате айтпағанымыз болар.
2015 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» Заңына қол қойды. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы Қазақстан Республикасының Ішкі істер органының бірыңғай жүйесіне кіреді, яғни жеке адам мен азаматтың конституциялық құқығы, қауіпсіздігі, қоғам құндылықтары, мемлекет тұрақтылығы мен тыныштығын қауіп-қатерлерден қорғау барлығына да осы Ұлттық Ұландарымыз қарап, қадағалап жүреді.
Әр жылдың 10 қаңтар күні ресми түрде Ұлттық ұлан күні атылып өтіледі. Бұл күні мерекелік демалыс болмаса да еліміздің әрбір жерінде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып отырады.
Ұлттық Ұланның қатарында қызмет ету көптеген жастар үшін құрмет, көптеген жастардың арманы десек те болады. Ұлттық ұланның басты қызметі мемлекетті және елде болып жатқан келеңсіздіктерден Қазақстандық азаматтар мен азаматшаларды қорғау болып табылады. Сонымен қатар шетелден келген делегаттарды күтіп алу, мерекелерде әскери парад жасау деген сияқты істердің басы-қасында жүреді.
Ел үшін деп аянбай қызмет етіп жүрген еліміздің қорғаушы ұландарын жыл сайын 10 қаңтар күні келетін «Ұлттық ұлан» күнімен құттықтаймын! Абыройларыңыз асқақтап, мерейлеріңіз үстем бола берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу