Ұлттық ұлан күні

1992 жылы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскері құрылды. 2014 жылдың 21 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскері Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы болып қайта құрылуын ұйымдастырды.

2015 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» Заңына қол қойды. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы Қазақстан Республикасының Ішкі істер органының бірыңғай жүйесіне кіреді, яғни жеке адам мен азаматтың конституциялық құқығы, қауіпсіздігі, қоғам құндылықтары, мемлекет тұрақтылығы мен тыныштығын қауіп-қатерлерден қорғау.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: