Өлеңдер ✍️

  11.10.2023
  60


Автор: Гүлмекен Қасенбай

Қуан

Балаң құтырса қуан -
Қозғала​ алғаны үшін.
Дабырлап шуласа қуан -
Сөйлейтін болғаны үшін.

Жүгірсе, секірсе қуан -
Дені сау өскені үшін.
Тамағын өзі ішсе қуан -
Өңештен өткені үшін.

Айтқанға көнбесе қуан -
Ақылы толысып келеді.
Өзіндік пікірі дамып,
Ойымен бөлісе біледі.

Сұлулық ұнаса қуан -
Талғамы дамыған екен.
Жатырқап жыласа қуан -
Қауіпті сезеді бөпең.

Бастысы балаңа қуан -
Жаратқан сыйлаған екен.
Ең озық тәрбие бергін -
Қазақтың ұлына көкем!

22.01.2021




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу