Өлеңдер ✍️

  11.10.2023
  69


Автор: Гүлмекен Қасенбай

Мен кіммін?

Таудай болып көрінсе де талабым,
Құстай жүйрік болса-дағы қаламым.
Мен жәй ғана көлеңкесі​ - жарымның,
Балаларға мейірімді анамын.

Жаннат бағы табанымда жатса да,
Мұрынымды шүйірмеймін басқаға.
Мен өмірді өзгешелеу сүйемін,
Жаратқанға бас июмен жасқана.

Байлықпенен
өлшенсе де мына өмір,
Мына өмірді тек сынақ деп білемін!
Байысам да - қарапайым адаммын,
Ал, жоқ болса,
шүкірлікпен жүремін.

Алшаң басып, асып-тасу маған жат,
Керілдеспек,
қатты кетпек,​
кек алмақ...
Мені кейде түсіне алмай жүрсеңіз,
Қарапайым әйелмін мен,
Жаны​ -​ пәк!

04.08.2019




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу