Эсселер ✍️

  08.10.2023
  82


“Қыз Жібек” көркемфильмі

“Қыз Жібек” - ар-намыстың туын асқақ ұстаған, қасқайған ерлік пен адал махаббат жырынан туындаған көркем фильм. Фильмнің сюжеттік желісіне арқау болған әдеби “Қыз Жібек” аңызы. “Қыз Жібек” фильмінің сценарин жазған Ғабит Мүсірепов болса ,Сұлтан-Ахмет Қожықовтың режиссерлік етуімен, 1970ж “Қазақфильм” ұсынған толық метражды көркем фильм.


Фильм сәбидің жылаған дауысынан басталып, артынан ортасына түскен шақырақты, басына қара жамылған қыз-келіншектер мен “Елім-ай”деп зарлаған дауыс  қазақ даласындағы қиын -қыстау заманды көрсетеді. Фильмде кең далада шашыраған қойдай болған қазақ руларының арасындағы алауыздық айқын бейнеленген. Осы арада әрбір кейіпкер бейнесінен сөзге шешен,сөз сөйлей білетін және сөзге тоқтай білетін ұлт екенін көрсете білген. Оқиға желісі барысында қазақ жігіттерінің батырлығы, қыздардың нәзік бейнесі, аналар мен жеңгелердің даналығы керемет берілген.


Фильмде тек екі жас арасындағы  шынайы сезім ғана емес, ұлтымыздың қаны таза текті екенін, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды, ел-жұртты бірлікке шақырған билер бейнесін, кең даланың қайталанбас сұлулығы бейнеленген. Бұл фильмді көріп отырып көкірегіңде ерекше мақтаныш сезімі кернейді. Себебі әрбір кейіпкері қайталанбас табиға сұлу, кесек бейне. Қазақи нақыштағы ұлттық киімдері, жастар арасындағы ойын-сауық барысындағы айтыстары, айтылған әндер, құлақ құрышын қандырар домбыра,кең жайлауда керемет көрініс тапқан. Фильмде шырқалған әндерге де айрықша көңіл бөлген жөн. Себебі шырқалған әндердің сөзін жазған Қадір Мырза Әли болса белгілі Нұрғиса Тілендиев.


Фильм желісі бойынша жауласқан екі әулеттен шыққан Төлеген мен Жібектің сезімі тек екі жастың арасындағы сезім ғана емес, екі руды татуластыру жолы ретінде де көрініс тапқан. Алайда Төлеген мен Жібектің махаббат хикаясы қайғылы аяқталады. Бекежан батырдың Жібекке деген сезімі Төлегенге қастандық жасауға итермелейді. Осылайша екі жастың махаббат хикаясы қайғылы аяқталады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу