Баталар ✍️

  16.09.2023
  1296


Автор: Отбасы күні

Отбасың бір мемлекет

Отбасың бір мемлекет,
Сыйлы болсын лайым!
Отбасыңа әрқашан,
Жар боп әркез Құдайым!
Шаңырағың шаттыққа,
Толы болсын мен деймін!
Қуаныштың лайым,
Молы болсын мен деймін!
Ырзықтарың, несібе,
Арта берсін күн сайын!
Берік болып шаңырақ,
Жарқырасын Күн, Айың!
Оибасының мүшесі,
Бақытты жан болсын тек!
Жанұяң ол бақытың,
Жүргін әркез күлімдеп!
Жанұяңмен бір болып,
Атсын сәтті таңың бұл!
Жадырасын жандарың,
Қуантып шатты әнің бұл!
Әр күндерің күлімдеп,
Жайнай түссін жаның бұл!
Келсе саған қиындық,
Сцнбасын еш сағың бұл!
Отбасың ол жүрегің,
Тоқтамасын бағың бұл!
Отбасың ол тірегің,
Жарқырасын сәнің бұл!
Ата-анаң аман боп,
Өсе берсін өркенің!
Бауырларың аман боп,
Жайнай түссін ертеңің!
Сыйластықтар көп болып,
Шаңырағың жайнасын!
Көрінбейтін сендерге,
Бақ-береке ойнасын!
Болып әркез татулық,
Бақытты шақ көп болсын!
Ынтымақ боп береке,
Уайым-қайғы жоқ болсын!
Әумин!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Скибиди
Скибиди 23.10.2023 23:09
Камеромен

Пікір жазу