Өлеңдер ✍️

  10.09.2023
  335


Автор: Шөмішбай Сариев

Ораза

Тірліктің риясыз Күні осында,
Әруақ,Пайғамбардың пірі осында,
ОРАЗА – тылсым күші тазарудың,
ОРАЗА – бес парыздың бірі осында.
Салт-дәстүр, жоралғы ырым жолдан енсе,
Ғайыптан ғажайыптай орманға енсе.
Айлардың падишасы – Рамазанда,
ОРАЗА ҰСТАУ ПАРЫЗ – қолдан келсе!
Өтетін жандар аз ба сағым күйі,
Күй болған Құдіретті Әмір күйі,
РАМАЗАН АЙЫНДА БҰЛ ҚҰРАН ТҮСКЕН,
ҚҰРАН БҰЛ – ҚСИЕТТІ ТӘҢІР СЫЙЫ!
Қос ішектен күмбірлер күй қанаты,
Тең келмес тіршілікте сыйға заты.
ОРАЗА – ауырлықтан азат еткен,
Тәңірдің өзі берген ғибадаты!
Бәрінде құпияның білмес пендең,
Бақытты зерделейтін күн кештірген.
ОРАЗА – іштей тынып ойға батып,
ЖАРАТУШЫ ТӘҢІРМЕН ТІЛДЕСТІРГЕН!
Оңай ма Маусым, Шілде, Тамызда өтеу,
Адамға оңай ме еді қарызды өтеу.
ОРАЗА ойлы жанға жәрдем етіп,
Тәңірдің алдындағы парызды өтеу!
Құсты білмес құс болып ұшпаған жан,
Қиямет алып шығар қысталаңнан.
Рамазан айында бұл қасиетті,
Оразаң қабыл болсын Ұстаған жан!
Тағы да таңғы азаннан еніпті-ау күн,
Ағайын, туған-туыс келіпті аулың,
Ел-жұртқа берген асың қабыл болсын,
БАЕРІКҚАЙЫР ПЕРЗЕНТІ СЕРІК БАУРЫМ!
Тағы да бір күніміз өтті асыға,
Ие боп тұлпар өмір ноқтасына.
МҰСЫЛМАН БАЛАСЫ ДЕП АМАНДЫҚТЫ,
ТІЛЕЙМІЗ,
ӘРБІР ҚАЗАҚ ОТБАСЫНА!!!

18 ШІЛДЕ 2014 ЖЫЛ




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу