Өлеңдер ✍️

  10.09.2023
  91


Автор: Шөмішбай Сариев

Көрген жерден шошыма

Көрген жерден шошыма,
Ойсыз сөзді тез айтпа
Айрылмастай досыңа,
Қайрылмастай сөз айтпа.
* * *
Қырандардың тауда биік қиясы
Достық деген ынтымақтың ұясы.
* * *
Қадір тұту – сыйымыз,
Отан – ортақ үйіміз.
* * *
Тірлік деген көрген көзбен Айлы-күн,
Бірлік деген баға жетпес байлығың.
* * *
Рухани мәдениет – Алатауы еңселі,
Адамдықтың айнасы, ізгіліктің өлшемі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу