Өлеңдер ✍️

  10.09.2023
  68


Автор: Шөмішбай Сариев

Қарыздармын қашанда өмір саған

Қарыздармын қашанда өмір саған,
Ғұмыр қайта оралмас жалынса адам.
Адасудың ең ауыр қасіреті,
Өзіне қарсы тұрар жаңылса адам.
Қарыздармын қашанда саған өмір,
Қайда қарай ұмтылмас алаң көңіл.
Құдіретті табиғат анам болса,
Мен үшін қиналды ғой анам не бір.
Дүниені шексіз деп кең көргенмін,
Сол дүние алдында тербелгенмін,
Өмір - өмір болғасын қарыздармын,
Өмір - өмір болғасын мен келгенмін.
Алшысынан, ал кейде бүк тұрғасын,
Құдайым құдіретін ұқтырғасын,
Құдіретті ұлы өмір басымды идім,
Алдыңда табаныммен тік тұрғасын!..

1 Маусым 2012 жыл
Алматы-Саяжай




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу