Өлеңдер ✍️

  08.09.2023
  99


Автор: Шөмішбай Сариев

Айналамда құстар үні, құс үні

Айналамда құстар үні, құс үні,
Құлағымнан,
жүрегіме жеткен бір.
Табиғат-ау,
жасыл-желек пішіні,
Мені қоршап, айналамда көктем жүр.
Дария тасып, арнасы асып күш толған,
Өзіңе-өзің қалай ғана сиясың.
Менің көктем жүрегіме
құс қонған,
Қайта оралып,
салып жатыр ұясын.
Сан алуан сәулелерге боятып,
Бұл дүние жаралғандай өлеңнен.
Күнмен бірге тіршілікті оятып,
Көктемменен бірге жырлап келем мен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу