Өлеңдер ✍️

  08.09.2023
  65


Автор: Шөмішбай Сариев

Айналайын махаббаттым жанымда

Айналайын махаббаттым жанымда,
Талай күндер айналды ғой сағымға.
Таудан аққан өзенменен бірге ағып,
Қалқып ағып келе жаттым ағында.
Айналайын махаббаттым қасымда,
Найзағай от ойнап жатыр басымда.
Толқып ағып толқынында тірліктің,
Өте шығар өмір екен расында.
Әлі бірге махаббаттым өзіммен,
Кім бақытын бұл өмірде сезінген.
Күнде көрем махаббаттың оттарын,
О, дүние, сенің әсем көзіңнен.
Ғашықтық бұл сезімдер ғой киелі,
Сол сезімге адам басын иеді.
Бар махаббат дүниенің баурында,
Әрбір көктем оз ғашығын сүйеді.
Қарай-қарай көктен жұлдыз аққанда,
Дүниеден өз баянын тапқан ба?!
Байлық-даңқ дәреженің бәрі бар,
О, Махаббат, сенен асқан бақ бар ма?!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу