Өлеңдер ✍️

  06.09.2023
  201


Автор: Шөмішбай Сариев

Сол бір ән..

Сөйле-сөйле, сұлу сазды Домбырам,
Екеумізді тоғыстырған сол бір ән,
Сол әнменен әсем көлде жүздіріп
Аққуымды айдыныма қондырам.
Армандарға қол ұстасып
жетелік,
Үміттерді биік шыңға көтеріп.
Екеумізді таныстырған сол бір ән,
Сол бір әнді
бірге шырқап өтелік.
Әуен-сазда, қазына кең, мол мұрам,
Екеумізді тоғыстырған сол бір ән.
Жүректерді жалын отпен жылытып,
Сөйле-сөйле,
сұлу сазды, Домбырам.
Сөйле-сөйле
сұлу сазды, домбырам,
Сені мәңгі жүрегіме қондырам.
Әуенінде әсем сазбен мұң толы,
Екеумізді тоғыстырған сол бір ән.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу