Өлеңдер ✍️

  06.09.2023
  62


Автор: Шөмішбай Сариев

Түнмен сырласу

Түнге тіл біткенде,
Сырласып сыр бүккен бе?
Кеудесін ақтармайды,
Көрінген кім біткенге.
Қара түн қарайлайды,
Жерден бір гүл кеткен бе?
Аққулар қонады кеп
Жүзеді жылжып көлде.
Мұңайған түн болса да,
Сен оны ынжық көрме.
Жарқырап шыға келер
Жұлдызға тіл біткенде.
Аймалар ақ төсекте
Сұлуын түн күткен бе?!
Махаббат жырлар дастан,
Түнге бұл тіл біткенде!..
Тимей тұр, поезд үсті,
Табаным жерге менің.
Төрлетіп төрге енемін,
Сен келесің, мен келемін.
Сендегі сезімдермен,
Поезда тербелемін.
Ғашықтық сезімдерді,
Бойыма ем көремін.
Сергелдең сезімдермен,
Ойыммен сенделемін...
Не болсын дүниеде,
Өзіңмен тең бөлемін.
Аунатам аспан-жерге,
Дүние кең көлемін...
Тимей түр, поезд үсті,
Табаным жерге менің.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу