Өлеңдер ✍️

  05.09.2023
  52


Автор: Шөмішбай Сариев

Шөл далада бәрі бар

Шөл далада бәрі бар,
Әр күн атар таңы бар.
Мекен еткен адам мен
Аңдар менен жануар.
Өркеш-өркеш құмы бар,
Қайғысы мен мұңы бар.
Жел арқылы сөйлейтін,
Ащы-тәтті – тілі бал.
Келеді үндер ғарыштан,
Жақын кейде алыстан.
Шөл даланың жұмбағын
Білген адам данышпан.
Көкке қолын созған бар,
Қалыс қалып, озған бар.
Шөл далада жортады,
Киіктер мен көкжалдар.
Дала ғұмыр кешеді,
Бұлттар үркіп көшеді.
Шөл далада қасқиып,
Бір тал ағаш өседі.
Шөл дала ғой деседі,
Жел-дауылы еседі.
Шөл далада өскендер,
Қай жерде де өседі!..
Бақыт іздеп кезеді,
Бақыт барын сезеді.
Шөл далада өскендер,
Қай жерге де төзеді!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу