Өлеңдер ✍️

  05.09.2023
  40


Автор: Шөмішбай Сариев

Көрдің бе сен Жылыойды?

Көрдің бе сен Жылыойды?
Бір ой қозғар бір ойды.
Шөл далаға сапар кешу – қорқыныш,
Шөл далада қалсаң жалғыз – үрейлі.
Шөлейт асып, өткелдерден өтерсің,
Шөл далаға шыдай алсаң жетерсің,
Шөл далада ғұмыр кешсең азырақ,
Көп ұзамай сүйіп мәңгі кетерсің.
Шөл даламда – күңіренген толғаныс,
Бізді жолға алып шыққан сол намыс.
Қиын қыстау кезеңдерде сенімді
Шөл даламыз болды бізге қорғаныш.
Кең далада өксік басқан жел ғана,
Қай майданда еңіреген ел ғана,
Қазақтардай момын сұлу елікті,
Азулыдан сақтап қалған шөл дала.
Шөлейт кешіп болсаң егер бір рет,
Айналаңда көз жеткізсіз құдірет.
Шөл далада – Құдай берген табиғат,
Тәңір өзі сүйіп салған сурет!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу