Өлеңдер ✍️

  05.09.2023
  46


Автор: Шөмішбай Сариев

Шөл даланың көкжалы

Шөл даланың құмын айт,
Ирім-ирім теңіздей,
Сол бір құмның сырын айт,
Адамменен егіздей.
Шөл даланың аңын айт,
Аңға шығар қол босы.
Түйе боздап аңырайт,
Оның дағы шөл – досы.
Шөл даланың суын айт,
Әр тамшысы алтындай.
Суды жұтқан құмын айт,
Сіміретін тартынбай.
Шөл даланың күнін айт,
Жан күйдірген аптабы.
Әр күнінің мұңын айт,
Гүл жылайтын бақтағы.
Шөл даланың түнін айт,
Түнде жұлдыз ағатын.
Түннің әсем – үні ұнайт,
Шегіртке мұң шағатын.
Жүрегімде жайды үміт,
Дала десе жоқ жаны.
Келе жатыр Айға ұлып,
Шөл даланың көкжалы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу