Әңгімелер ✍️
Тағдыр тәлкегі
Соңғы кезде ауыруы меңдеген Жайлаубай ақсақал мүлдем жатып қалды. Шиеттей үш баланың қасында күн ұзын ешбір жан баласы болмайды. Баласы Жомарт жол апатынан қайтқалы осы үйдің бар шаруасы томашадай келіні Ризагүлдің мойнына жүктелген. Тағдыр тауқыметін мойымай көтеріп келе жатқан келініне дән риза. Ең үлкені Таймас бірінші сыныпқа быйыл барды, қалғандарының Жолдас, Алмас аралары бір, бір жылдан. Тағдыр тауқыметі демекші, үш баланы, өлмелі атасын бағу оңайға түспей тұр. Күні кеше зыр жүгіріп жүрген Жәкең ақсақал, кемпірі Айым қайтқалы мүлдем көңілсіз, жалғызсырай береді. Үш немересін де көп көзіне іле бермейді, қаланың екі бөлмелі үйіне тығылып жатқаннан басқа талабы қалмағандай. Осы бір шағын жанұяның тағдыры аяқ астынан күрт өзгерген еді.
Баласы Жомарт үлкен бизнесі, алыс жерлерге ұзын автокөліктетермен жүк тасмалдайтын компаниясы «Адайтранзит» ЖШС бар, келешегі айқын сияқты еді. Қала шетінде екі қабатты котеджі, көлік тасымалында қызмет атқаратын кәсіпорны, бірнеше жүк тасымалдайтын фуралары бар болатын. Жолдасы Ризагүлді кәсіпорын жұмысына мүлдем араластырмай, өзі атқаратын. Тігіншілік кәсібі бар Ризагүл балдарымен отырып қалған еді. Бар бәле сол серіктесі Жолдастың ұсынысынан басталды. Ұялы телефоны шырылдап қоя берген Жомарт жазып отырған қағазын тастай сала телефонды құлағына тосты.
-ало Жора шұғыл шаруа бар, кеңсеге келші.
-жаңа ғана келдім ғой, оның үстіне түн болып кетті ертең айтпайсыңба?
-жоқ қазір сөйлесуіміз керек, ертеңге қалдыруға болмайды.
-Жарайды қазір барамын.
Кеңседе тағатсыздана күтіп отырған, қасында бір бетаузы келіспеген біреу бар Жолгелді сөз бастады.
-Танысып қой есімі Мақатай, Мага дейді, менің жамағайным болады, өзі Алматы жақтың жігіті. Бізге бір ұсыныспен келіп отыр, Үрімшідегі Қытай компаниямсымен келісімге отырған екен жүк тасымалына, соған осыннан серіктес іздеуде. Ешқандай криминал жоқ, таза пайдасы көп кәдімгі жүк тасымалы. Тек бізден керегі транзитке көмектесіп, теңіз портынан жүкті тиеп Қытайға жеткізіп тұру.
-Өздерінде көлік болмаса қалайша келісімге отырып жүр, қызық екен, деп ішін тарта сөйлеген Жора. Қинала, қинала келісім берген Жомарт іші бірдемені сезгендей, тұнжырап сала берді. Үзілді кесілді бас тартуға серіктесінің көңілін қимайды, оның үстіне соңғы кезде, экономикалық дағдарысқа байланысты ма, әлде қалай, әйтеуір жүк тасымалы күрт төмендеп кетті.
Осылайша әлгі Магамен
келісімге отырған олар жүк тасымалын бастап кеткен болатын. Әр кезде әр түрлі жүк тасымалданады, тамақ, киім кешек, құрылыс материалдары. Құжаттары да дұрыс рәсімделген, Жомарттың да күдігі сейіліп мазасызданғанын қойған болатын. Соңғы кезде Жолгелді тым пысықсынып кеткен сияқты ма, жүктерді жүктеу, жөнелту мәселелері оның тікелей құзыретінде болмаса да, дамыл таппай басы қасында өзі жүгіріп жүргені. Мысалы кеше Ауғанстаннан Ресей арқылы транзитпен келген тамақтарды мұқият тексеріп, қастарынан бір елі шықпады. Қытайға кететін бір фураның жүргізушісі Жомартты қатты силайтын бір құдасының інісі болатын, аты Реймбай, сол кеше Жомарттың үйіне келіп, көкірегіне ұялаған күдігін баяндап берді.
-Соңғы кезде Жолгелді жәшіктерді ашқызып ет консерлерді санайтынды шығарды. Мұқият болың, жолда ашушы болмаң, деп үнемі ескертеді.
-ештеме етпес жауапкершілікті сезінгеннен болар, деді де қойды.
Осылайша күн артынан күн өтіп жатты, әліде ары қарай жалғаса берерме еді, сол бір телефон шылдыры болмаса. Екі кабинетке ортақ демалыс бөлмесіне кіріп, әжетханадан шығып енді қолын жумақшы болып жатқанда, кабинетінің есігі сәл ашық қалған Жолгелдінің біреумен сөйлесіп жатқаны анық естілді.
-Сезіктеніп жүрген сияқты, бүлдірмесе болар еді, соңғы кезде тіміскіленіп кетті, қандай жүк тасымалданып жатқан, дегенді шығарды.
Ар жағын естімей қалса да Жомарттың шынымен күдігі көбейе бастады. Менің компаниямды бір жымысқы тірліктеріне астыртын пайдаланып жүрген сияқты ма қалай өзі, деген беймаза ой толастар емес. Жомарт бір күні өткендегі жақын таныс шопырын шақырып алып тапсырма берді.
-Жәшіктердің ішінде не екенін анықтауымыз керек, ретін тауып тағыда консер болса біреуін білдірмей маған әкеліп берерсің.
-Жарайды аға, бірақ оны қалай аламын, көліктің есігін өзі пломбылап кетті.
-Одан қысылма, екінші пломбыны даярлап қоямын, тек сақ болғайсың.
Таңертең ұйқыдан тұрса, әлгі шопыр жігіт Ризагүлге мынаны Жомартқа берерсіңіз, деп бір мықтап оралған затты тастап кетіпті. Неге өзіне бермеген, неге асықты екен, деп күбірлеген Жомарт жалма - жан әлгі заттың орауын ашып қараса, кәдімгі ет консер, сыртында әлде бір шет тілінде арабша сияқты жазулар бар екен. Отыра қалып пышақпен әлгі консерді ашып қараса іші ақ ұнтаққа лық толы болып шықты. Екі қолымен басын ұстап төбесінен жәй түскендей отырып қалды. Бұл ұнтақтың есірткі екеніне Жомарттың күмәні қалмады, япырай енді не істемек, неше жыл бойы бірге жұмыс істеп келе жатқан серіктесі шынымен сатқын болғаны ма, бұл пәледен қалайша құтылмақшы. Сол арада жүргізуші жігітке телефон соғып еді, аға ол біліп қалды, телефон әңгімесі емес келгесін сөйлесейікші, деп қойып тастады. Ақылы дал болған Жомарт көлігіне отырып әлгі фураны қуып жетпекші болып жолға шықты. Ондағы ойы көлікті тоқтатып құзырлы органға тапсыру еді. Таулы аймақтағы жолдың ылдиына енді көтеріліп келе жатқан фураны анадайдан көрген Жомарт көлігінің жүрісін үдете бастады. Тежегішін басқан Жомарттың жүрегі тас төбесіне шықты, тежегіштің педалы былқылдап бос жатыр. Көлігі ылдиға қарай жүйткіп келеді, қас қағым сәтте бажылдаған дабыл дыбысы, үйдей болып келіп қалған нән жүк көлігін көріп үлгерді. Маңдайма маңдай соғысқан екі автокөлік, Жомарттың көлігі консер банкідей мыжырылып, тірі қалуға еш бір мүмкіндік бермеген еді. Кейіннен зерітхананың тұжырымы бойынша, автокөліктің тежегішінің түтігі тесіліп кеткен болып шықты. Ол қалай тесіліп жүр, не себеп болды, жабулы қазан жабулы күйінде қалып қойды. Енді болмашы кейін шегініп Жолгелді мен Маганың арасында болған әңгімеге тоқтала кетейік.
-Осы жүк тасымалы рейсін кейінге шегермесе болмас, Жомартпен сөйлесіп көру керек, деді Жолгелді.
-Жоқ олай тәуекел етуге болмайды, басымыз кетеді, сенің адамың, өзің шеш, жағын ашпайтын болсын, деді тістеніп. Осылайша екеу ара Жомарттың тағдырын шешіп тастап еді.
Жомарт өлгеннен кейін Жолгелді шімірікпестен фураларды да, Жомарттың коттеджін де, кәсіпорынды да өз атына аударып алды. Осының бәрін қалай заңдастырды, қалай атына аударып алды, жұмбақ күйінде қалып қойды. Сексенді алқымдаған Жәкең ақсақал да бір момын адам болатын, артында қуынары немесе жанашыры жоқ жесір Ризагүлдің қолынан бар келгені екі бөлмелі пәтерін сақтап қалғаны болды. Жалғыз баласының аяқ астынан опат болғаны Айым кемпірге қатты ауыр тиіп жатып қалды да, бас аяғы бір айдың ішінде кенеттен қайтыс болды. Осылайша шалқып отырған бір жанұя ойраны шығып, демде бейшара халге түскен еді. Таңертеңнен түннің бір уағына дейін, көз майын таусып тігін тігіп, жанұясын асырап отырған Ризагүл атасымен үш баласының амандығын жатса, тұрса құдайдан тілеп отырғаны.
Жолгелдінің жұмысы оңынан оралып, мекемесінің табысы күннен күнге өсе түсіп, асығы алшысынан тұрған еді. Әйтсе де, күн өткен сайын қайтып шығар жол жоқ, әлемдік есірткі мафиясына сүңгіп кеткенін өзі де байқамай қалған болатын. Ол транзиттік есірткі дәлізінің күрделі механизмінің бір шұрыпы ғана екенін білмей, ақшаның көптігінен көкірегімен көк тіреп, құйрығымен жер тіреп дегендей өзіне дән риза халде еді. Оны мойнына жүктелген серіктесінің, әрі өз қазағының қаны, үш шиеттей баланың көз жасы да бір сәтте ойландырмап еді.
Жомарттың сөзін жерге тастай алмаған, оның үстіне өзіне де қатты секем алдыртқан, қарғыс атқан ет консерлер шопыр жігітті еріксіз тәуекелге бел будырды. Кеден ауласынан шыққан соң, көп ұзамай оңашалау жерге шығып фураның артқы есігін пломбасын бұзып, ішінен бір ет консерді алып ауыстырып қойды. Жолға шыға бере Маганың жипі фураны қуып жетіп тоқтатты. Ішінен қабағы қатулы Мага шығып дереу тергеуге ала бастады.
-Фураның есігін неге аштың, ет консерді ауыстыруды кім саған тапсырған? Қолында кезенген тапаншасы, жан алуға дайын тұр. Зәресі зәр түбіне кеткен шопыр жігіт Жомарт, деп күмілжи берді. Асығып жүріп көліктің ішіне орнатылған бейне камераны байқамап еді.
-Есіңді жый, саған ешкім тимейді, жүкті аман сау жеткіз, арамыздағы әңгіме жөнінде тіс жарсаң өлесің, бала шағаңды да ұмытпа. Шопыр жігіт Рейімбай осы рейс Жомарттың түбіне жеткенін артынан біліп бармағын тістеді.
Осы күндері сексеннің бесеуіне шыққан Жәкең ақсақал да тағдырдың салғанына мойын ұсынған, бар ермегі үш немересінің тәрбиесі, солармен ерінбей жалықпай бірге қыдырып, үнемі бірге жүреді. Өзінің бар білгенін соларға үйретіп, адалдыққа, қазақи дәстүрге баулудан бір жалыққан емес. Үлкен немересі Таймас быйыл бұйырса мектеп бітірмекші, өзі жігерлі, нағыз барлық қазақи мінезді бойына сіңірген жігіт болып өсіп келеді. Атасы екеуі екі ұрпақтың адамы болса да, бірін бірі жақсы түсінеді. Әңгімелері жараса кетеді, бәлкім атасының өмір бойы ұстаздықпен айналысқаны, бала жанын тез түсінетіндігі септігін тигізіп жатырма.
-Балам енді сен жігіт болдың, мамандық таңдайтын жасқа келдің, қандай жоспарың бар? Жәкең ақсақал шай ішіп отырып әңгіме қозғады.
-Ата мен баяғыда ойланып қойғам, Әкешімнің өлімі кездейсоқтық емес екенін бала болсамда сезгем. Арманым тергеуші болу, сөйтіп Әкешімнің өліміне кіналы адамды таппақ ойым бар.
-Алланың ісіне не шара бар балам, бекер кек қуасың, әлі де ойлансайшы, деп күмілжіп отырып қалды. Шынында да адам ойланарлық іс еді, бұның да көңіліне күдік ұялаған, әйтпесе су жаңа жапон машинасы тежегішінің түтігі жарылып кетіпті дегенге кім сенер қояр дейсің, әдейі қолдан теспесе. Мектеп бітіргеннен кейін көп ойланбастан Таймас әскер қатарына қызмет етуге аттанды. Қарағанды облысында орналасқан әскери бөлімнің біреуінде қызмет атқарды. Мектептен гуманитарлық пәндерге алғыр, аналитикалық ойлау қабілеті жоғары деңгейдегі Таймас бірден командирлерінің көзіне түскен болатын. Заманауй мотоатқыштар әскері автоматты атқыш құралдармен, жүрдек сауытты машиналармен қамтамасыз етілген. Әрине оларды меңгеру кез келген адамның қолынан келе бермейтін, ұқыптылықты, жоғары жауапкершілікті қажет ететін еді. Осылаша Таймас мотоатқыш машинаның дәлдеушісі, артынан бөлімше командирі қызметін атқарып, небары бір жылдық қызметте сержант шенін алып үлгерді.
Жаңадан келген сарбаздарға қорлық көрсету, оларға тәрбие беру бұл әскери бөлімшеде де жоқ емес еді. Осындайға жаны қас Таймас, әу бастан қарсылық көрсетті, еш кімге қорлық бермеді де, еш кімге қорлық көрсетпеді. Жауырыны қақпақтай ірі жігітке батып еш біреуі сөз айта алмайтын, өзі сондай батыр тұлғалы болса да, жан дүниесі сондай нәзік. Біреудің қайғысына тез ортақтасушы еді. Негізінен бөлімде әлімжеттік жасайтындар контрактниктер болатын. Олар жаңадан келген сарбазды тексерудің астына алып, қайдан келдің, әке шешең не жұмыс жасайды, кәсіпкер емеспе, бәрін біліп алатын. Өзімен бір шақыруда қызмет атқаратын Елдосқа ерекше іш тартты, сұраса келе рулас болып шықты. Роталары басқа болғанымен бір баталонда қызмет атқарды, әрине жатын казармалары бөлек болатын.
Таймас карантиннен өтіп казармаға келген күні кешке, жастардың бәрін қатарға тізіп қойып командирлері таныстыруды бастады. Таймастың бөлімше командирі сержант Дикий деген тығыншықтай домаланған сары орыс жігіті екен. Өзі Шығыс Қазақстаннан келген, контрактпен қызмет атқаратын болып шықты. Жатар мезгілде Таймасқа қарай шуаш, шуаш шұлғауын лақтырып, -жуып таста, таңертең кеуіп тұратын болсын, деп ежірейді. Туғалы мұндай қорлықты көрмеген Таймас тістеніп, -мен сенің қатының емеспін жусаң өзің жу, -деп кері лақтырды. Шұлғау барды да еңкейіп жатқан Дикиидің басына ілініп қалды. Ашудан көзі шатынап кеткен Дикии –ұстаңдар ананы, деп айқай салды. Ауыз біршіліктері сондай боларма, демде үш жігіт жабылып Таймасты қолдарын қайырып ұстап тұрды. Сарбаз ремені май құйрыққа оса бастады, Таймас қанына біткен қайсарлықпен демін шығармай тістеніп қатып қалды. Мұндай үнсіз қарсылықты күтпеген Дикии бірден тосылып тоқтай қалды, -жарайды алғашықы сабақ осымен бітсін, кейін жалғастырармыз, жатыңдар, деп айқайлады. Таймас әскери жаттығуларда өзінің шымырлығымен, әр түрлі турникте істейтін жаттығуларымен, шыр көбелек айналатын шапшаңдығымен өз қызметтестерін демде баурап алды. Кішкентайынан осылай спортқа үйір қылып тәрбиелеген Атасына іштей алғысын жаудырып жүрді.
Бір күні жерлесі Елдостың, жүзі сынық, бір нәрсені ауырсынатын сияқты ма қалай, әңгімеге зауқы жоқ екенін байқап қалды. -Не болды саған айтсаңшы, десе де сыр ашып ештеме айтпады, төмен қарап күмілжи береді. Сөйтсе, өзінің басынан өткен тәрбиелеу жұмысы мұның да басынан өткен екен, әңгімесінің төркініне қарай Елдосты олардың сындырып тастағанын байқады. Арық әлжуаздау жігіт әлімжеттікке төтеп бере алмапты. Менің кредитімді ай сайын жауып тұрасың, ата анаңа айтып қой, ай сайын 70 мың жіберіп тұрсын, деп талап етіпті командирі. Жан ұя мүмкіндігі жоқ, деседе тыңдамайтын көрінеді. Мұны естіген Таймас қаны басына теуіп, қатты ашуланды, келгендеріне енді ғана бір ай толатын мезгілде осыншама бассыздықты көріп іштей қатты ойланды. Ұлттық армиямыздың сиқы осы болса келіскен екенбіз, бұл әлімжеттілікпен қалайша күресуге болады, міне осы сұрақтар Таймасты қатты толғандырды. Әрине бұндай бассыздықты өздерінің ротасында да көріп жүр, бірақ оған қарсы тұратын Таймастың жалғыз өзіне мүмкін емес еді. Қалған сарбаздар осыған мойын ұсынып, құдды солай болуға тиісті деп қабылдап отыр. Дегенмен Елдостың командирімен сөйлеспесе болмайтын сияқты. Осылайша екі ойлы болып жүргенде бір күні көрші ротада бір сарбаз аяқ астынан қатты ауырып қайтыс болыпты, деген хабар дүңк ете қалды. Жүрегі қылп ете қалған Таймас кім екенін білуге асықты, сөйтсе бекер сезіктенбепті, қайтқан сарбаз Елдос болып шықты. Ресми мәлімет бойынша Елдостың аяқ астынан жүрегі тоқтап қалыпты, шамасы сарбаздың ауыр жаттығуларын көтере алмаса керек. Содан Бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазып, халық арасында қатты наразылықтар, биліктің дәрменсіздігіне деген сын көз қарастар әлеуметтік желіні шулатып жатты. Көрші облыстан, жирма шақты автокөлікпен шыққан Елдостың жанашырлары бастаған наразы топ, таң ата келіп әскери бөлімнің қасына тоқтады. Талаптары: әскери бөлімнің командирлері шығып халық алдында жауап берсін, облыс басшылары, құзырлы органдар басшылары бірге келіп осы бассыздықтарды тоқтату жолын халық алдында баяндасын. Әскери бөлім маңы у-шу, қаптап жүрген БАҚ өкілдері, кейбір, билікке деген наразылықтары жиналып қалған топтарға бұл оқиға таптырмайтын құрал болып шықты.
Түс қайта тергеу басталып, қызметтестерді, Елдостың жерлестерін жауапқа шақырып жатты. Кезек Таймасқа да келді, -сен Елдоспен қалай таныстың, араларыңда не бар, неге сен ала -пөле онымен танысып жүрсің?, деген қитұрқы сұрақтарды жаудырды келіп майор шеніндегі түсі суық әскери прокуратура тергеушісі. Тергеу барысында Таймастың сезгені кінаны сарбаздарға бұрып әскери бөлім қызметкерлеріне шық жұқтырмау. Әскери сараптама қортындысы сарбаздың жүрек тұсында ішкі ісік (гематома) бар екенін анықтапты. Ендігі мақсатттары, болған істі сарбаздар арасындағы әлімжеттік нәтижесінде, деп дәлелдеу. Бірақ бұл тұжырымдары жараға жуымайтын еді, себебі әскер қатарына келген сарбаздар бұрынғыдай екі жыл емес, бір жылдың ішінде жас сарбаз, кәрі сарбаз болыпта үлгеріп жарымайтын еді. Оның үстіне қысқа мерзім қызметі сарбаздары ішінде жерлестік, рушылдық, бір біріне деген іш тартушылық басым болатын. Әскери бөлім маңына жиналған жүз шақты топ тарқамай тұрып алды. Осынау дағдарысты саяси бағытқа бұрушылар да білгендерін істеп бағуда. Ең соңында облыс басшысы келіп, әскери бөлім командирі мен рота командирі, бөлімше командирі жауапқа тартылып жатыр, қызметтерінен босатылды, Сарбаз өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалуда екенін баяндағасын барып әскери бөлімді торуылдаған топ тарап кеткен болатын. Ел ішіндегі соңғы кезде көптеп орын алған осындай оқиғалар, жалпы халыққа қызмет етуге арналған құзыретті органдар, халыққа қарсы қызмет атқарып отырғандары Таймасты қатты толғандыратын, жалпы елімізге мықты да жедел реформа керек екені барған сайын айқындала түскендей. Заң жолында қызмет атқарып осы болашақ аса қажетті реформаға өз үлесін қосуды армандап, Таймас түзу бағытта келе жатқанына іштей дән риза тын.
Бір жыл әскери қызмет те зулап өте шығып, Таймас сержант шенінде қаласына оралды. Атасы екеуі бірін бірі қатты сағыныпты. Атасы Таймасты жас балаша еркелетіп құшақтап бетіне сүйіп әлек, кемсеңдеп те қояды. -Алла жаным осы күнге жеткізгеніңе мыңда бір рахмет! Таймас үйде көп жатпастан Облыстық ішкі істер департаментінің кадір бөліміне барып Ішкі істер жоғарғы оқу орнына түскісі келетінін баяндады. Майор шеніндегі әдеміше келген, шамасы қырықтың қырқасына шыққан әйел күлімсірей қарап, -өте орында, бізде қазір Қарағанды ішкі істер академиясына құжат тапсыру жүріп жатыр, казармалық жағдайда оқисыңыздар, степендиясы да жоғары, тамақ, киім тегін, басқа да жеңілдіктер қаралған, деп зулатып ала жөнелді. Жай айтса құдды Таймас айнып қалатын сиқты.
Осылайша арман қуған Таймас ҚР Ішкі істер министрлігінің Қарағанды академиясынан бірақ шықты.
Республика бойынша «Қақпан» операциясы жүріп жатқан кез, бұл операция Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанынан құрылған арнайы жедел топтың басшылығымен іске асып жатқан еді. Арнайы жедел топ бұл операцияға жыл бойы дайындалған болатын. Өздерінің құпия агенттерін ұйымдасқан қылмыстық топтарға енгізу арқылы транзиттік есірткі дәлізін бақылауды қолға алған болатын. Жедел ақпараттардың нәтижесінде Қазақстандық есірткі мафиясы бар екенін, олардың», орыстардың «Батия» мафиясымен, Қытай «Триада» мафиясымен тығыз байланыста екені анықталды. Жылдық табыс 24,7 млрд долларды құрайтын Қытай мафиясының әлемдік ең үлкен жеті мафиясына, оның ішінде Қазақ, Орыс мафиясына ықпалы зор болатын. Әрине бұл астыртын құрылымдардың ішінде мемлекеттік құзырлы органдар басшылары, мемлекеттік қызметкерлер де жоқ емес еді. Өйткені мұндай күрделі механизм онсыз мінсіз жұмыс жасауы неғайбыл еді.
Дипломын алып туған қаласы Ақтауға келген Таймас, үйде көп жата алмады. Су жаңа дипломын құшақтап Ішкі Істер департаментінің кадр бөліміне келді. Баяғы академияға жолдама берген әдемі апайы тағы алдынан шықты. Төрт жыл емес төрт күн өткендей, сол баяғы ақжарқын күлімдеген күйі.
-қандай бағытта жұмыс жасағың келеді? Тергеу саласында әзірше орын жоқ, өзің үшін бірінші төмен жақтарынан бастағаның абзал. Сондықтан егер қарсы болмасаң Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасына жіберейін. Бөлімшелерінде екі ваканция бар екен.
-жарайды қарсы емеспін апай, оныңызда жөн шығар, деді жай ғана жымиған Таймас. Сөйтіп кіші лейтенант Жайлаубаев Таймас қалалық ішкі істер басқармасының есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің жедел іздестіру қызметкері лауазымына тағайындалды. Салған жерден Республикалық «Қақпан» операциясының бел ортасына кіріп кеткен болатын. Жаурыны қақпақтай ірі тұлғалы Таймас бірден қызметтестеріне қатты ұнады. Кішіпейілділігі, денесіне тән емес жұмсақтығы адамды бірден өзіне баурап алатын. Бірақ қызмет барысындағы қаталдығы, табандылығы, принципшілдігі қатар жүретін Таймас бір түрлі жұмбақ жігіт еді. Өзіндік жоспар құрған Таймас мүрағатты ақтарып, нешежылдық шаң басып жатқан құжаттармен, істермен танысып жүрді. Әрине оның бәрін жұмыстан тыс мезгілде жасап жүргеннен соң бастығы да қарсылық білдірмеген болатын. Іздестіру барысында анықталған әр бір қылмысты, немесе сезікті тұлғалардың істерінен, қазіргі өтіп жатқан операцияға байланыс іздеп, көз майын таусып көп отыратын. Нәтижесі де жоқ емес, бұрнағы күні өткен жедел отырыс кезінде өз ұсынысын айтып қызметтестерін таң қалдырған. Қызметтестері қазірлері оған шикі өкпе ретінде емес, терезесі тең адамша қарайтын болған.
Бір күні бес жылдан бері шаң басып жатқан жұқалау папкі қолына түсті, жауап алу хаттамасының бір жерінде «Адайтранзит» ЖШС деген сөзді оқып төбесіне су құйғандай отырып қалды. Жол көлік оқиғасынан зардап шеккендер: серіктестік директоры Жайлаубаев Жомарт, оқиға орнында қайтыс болған, арнайы өндіріс көлігі АЦН жүргізушісі Сариев Серікбай жеңіл жарақат алған. Кіна Жайлаубаев Жомарттан болған, бұрылыста қарсы бағытқа шығып кеткен деген, қысқаша ғана, есірткі дәлізіне қатысы жоқ деген тұжырыммен жауып тасталған. Кезінде азғандай партиямен ұсталған есірткі таратушы топ қолға түсіп, бір ұшы Жолгелді Сариевичке келіп тірелген болатын. Әлде ақша беріп құтылып кетті, әлде ықпалды біреулердің араласуымен, әйтеуір іс сотқа бармай жабылып қалған екен. Осылайша бір болар, болмас үміт оты жарқ еткендей болды, алтын тапқан жерді белден қаз демекші, Таймас әрмен қарай шұқылай жөнелді. Күдігін ашық айтпай, ара арасында сезік тудырмай жай, жайдан қазбалап бастады. Сонау әкесі қайтыс болатын Жол көлік оқиғасының екінші қатысушысы Сариев Серікбай «Адайтранзит» ЖШС нің қазіргі директоры Жолгелді Сариевичтің туған інісі болып шыққаны Таймасты қатты ойландырды. Япырай араларында қандай байланыс бар, бұл кездейсоқтық емес сияқты, деген ой мазалап кетпей қойды.
Шынында сол жол көлік оқиғасы болатын күнінің алдында оқиға былай өрібіген еді.Жолгелді Мага дан тапсырмасын алған соң қатты ойланды. Екі оттың ортасында қалғанын, бұл тығырықтан қалай шығу жолдарын ойлап басы қатты. Тез арада бір шарасын алмаса, фураны ұстап алып, бәрін әшкерелейтіні айдан анық. Мұнай саласында қызмет істейтін арнайы автокөлік АЦН жүргізушісі інісі Серікбай есіне түсіп телефон соқты.
-Алло Серікбай сен қайдасың?
-Жұмыстамын аға, Жетібай жақтамын.
-Мен қазір шығамын, шұғыл шаруа бар, кешкісін мені күт, үй жағыңда. Қысқа қайырған Жолгелді дереу жолға түсті. Кешкісін екеу ара оңаша кездескен соң, көп кідірмей тікесіне көшкен Жолгелді.
-Сенің көмегің керек, бүгін таңда Ақтаудан бір қара түсті тоета ланд крузер автокөлігі шығады. Рольде отырған кісі менің қас жауым, сол кісі Қарақиядан бері қарай аспауы керек. Ол үшін ертерек барып 48 ші шақырымда ылдидағы құрылысқа байланысты салынған айналма жолда күтіп тұрасың. Көлік авариялық жағдайға келтірілді, сен қысылма, бәрі ойдағыдай болады, саған тек аздап көмектесіп жіберсең болып жатыр. Өткендегі үй мәселесін Ақтаудан шешіп қойдым. Бәрі ойдағыдай болса кілтін аласың.
Үйді естіп көзі жылтырап сала берген Серікбай ойланбастан келісе салды. Оның үстіне құдай бергенде, -ертең Оймашаға барып кел, деген мана бастығы. Сөйтіп межелі жерде күтіп тұрған Серікбай жолға қарай, қарай көзі талды. Әуелі бір ұзын автомашина фура өтті шаңдатып, артынан іле шала, құдды соны қуып келе жатқандай қара джип көрінді. Серікбай ылдиға құлап келе жатқан автокөлікке тіке салып қоя берді.
Таймас өткенді қазбалай келе «Адайтранзит» ЖШС нің 80 пайыз акциясы әкесінікі болса, Жолгелдінің үлестік пайызы не бары 20 болса да қалайша серіктестікті, базасын, дүние, мүліктерін өзіне қаратып алған, деген сұрақ туындап, оған жауап іздеді.
Таймастың әкесі қайтыс болғаннан бір ай өткесін, екі қабатты үйіне бір кісі келіп, мен қорғаушымын, мына мүлік енді сендердікі емес он күннің ішінде болсатуларың керек, дегені әлі есінде. Анасы құжаттарын көрсетуді талап етті, -мінекиіңіз, қолындағы қара папкісінен әлде бір қағазды алып ұсынды. Жылжымайтын мүлікке құқық беретін құжат болып шықты, бас сенім хат негізінде рәсімделген, деген жазу тұр.
-Бұлай болуы мүмкін емес, мұнда бір шикілік бар, деп зар еңіреген анасының даусы әлі құлағында тұр. Өзі барда мекемесінің бар мүлігіне Бас сенім хат берудің қандай қажеттілігі болды екен, әттең қолымыз қысқа, Таймас жан сен әлі жассың ғой, Алла өмір берсе әлі ақ қайтарып аларсың үй-мүлкіңді, Жолгелді жауыз, сұм екен ғой, бәрін алдын ала жоспарлапты, құдайдан қорықса қайтеді екен, шіркін, дәм тұзым жібермесін. Анасы Ризагүлдің осылайша ашынып айтқан сөздері есінде қалып қойыпты. Осылайша Серіктестікке тиісті автокөліктер, екі қабатты үй, басқа да мекеменің күллі мүлкі Жолгелді Сариевичтікі болып шыға келген. Тек бұл тізімге кірмей қалғаны осы қазіргі өздері тұрып жатқан екі бөлмелі пәтер болып шықты, онда да пәтер Ризагүлдің атында екен. -Ақ көңіл, аңқау балам ай, мына жемқордың қалайша уысына түскенсің, деп басын шайқап отыратын Жайлаубай ақсақал.
Таймас іздеп жүріп баяғы Рейімбай шопырды тауып алды, әлі сол мекемеде фура жүргізуші болып алыстарға жүк тасымалдайды екен. Жомарт марқұмды қатты силайтын, әрі бір жағынан Жайлаубайға құда бала болып келетін Реймбай бүкпесіз болған жәйіттің барын сайрап айтып берді. Тек төменшектей берген жүзінен бір нәрсеге қобалжитынын, байқауға болатын еді. –Мені куәға тартпай ақ қойшы, ана жауыздан бәрін күтуге болады. Таймас ойланып қалды, әрине жалғыз Жолгелдінің басына жетерлік бұлтартпас дәйектер жиналып қалған. Бірақ негізгі мақсаты бір ғана Жолгелдіні ұстау ма? Операция қақпан қайда қалмақ? Осылайша ойлаған Таймас Жолгелдінің жеке басына іс ашуға асықпады, есірткі тасымалдау сызбасының ішіндегі атқаратын ролін аша түсу, сыбайластарын анықтау, ең негізгі мақсат мафия жетекшісін айқын дәлелдермен құрықтау еді.
Таймастың қызметтес жұбы Қостанайлық майор Сабыров Мәжит деген жасы қырықтың қырқасына шығып қалған орта бойлы мығым жігіт. Орысша, қазақша қосып сөйлеу әдетіне айналған, өте сабырлы, тәжірибелі болып шықты. Екеуі бірігіп жұмыс істегендеріне бірнеше айдың жүзі болды. Әйтеуір онымен арқайын барлауға баруға болатынына Таймастың көзі жеткен.
Жұмыс аяғында қағаздарын жинап жатқан Мәжит,
-айтпақшы ертең ертерек шық, өткендегі анықтаған есірткі таратушы топтың адамын қолға түсіру керек, бұлар біздің негізгі операциямызға көп көмегін тигізулері мүмкін.
-жарайды Мәке мен дайынмын ғой. Таң қылаң бере жасырын жерлерді торуылға шыққан екеуі теңіз жағалауымен жай әңгімелескен болып келеді. Көздері теңізге түскелі жатқан жас жігітте, анау да әккі қу болып шықты. Киімдерін қойған болып тастың арасына бірдеңені жасырып үлгерді. Аралары 20-30 метірдей екі жақтан бірден жүгірмесе ұстаулары екі талай. Суға түсуге келе жатқан болып, жайлап бес алты метр жақындай түсті де екеуі екі жақтан тарпа бас салды. Сасып қалған жігіт киімін іліп алып қаша жөнелді, бір, екі секіріп жетіп барған Таймас ұстап үлгерді. Жұп жуас бола қалған жігіт, -жайма ағалар, не теңізге түсуге болмай ма, -деп тыпырлай бастады. Тастың астына тығылған бума затты алып шыққан Мәкең, -мынау не, деді. -мен қайдан білейін, менікі емес, ат тонын ала қашқан жігіт.
-тезірек кетейік, көлікті жақындат, көзге түспеген абзал.
Оңашаға алып шығып екеуі, екі жерден қыспаққа алды. Сол баяғы білмеймінінен таяр емес, Таймас астыртын бейне жазбаға түсіріп үлгерегенін қайдан білсін.
-бізде бұлтартпас факт бар, босқа уақыт алмай признайся, қайдан алдың, бригадир кім. Мойындамасаң қазір осы жерге урою, жүзі сұсты Мәкең тапаншасын бұлаңдатып. Желкесінен мықтап бір түйген Таймастың шоқпардай жұмырығына қарап тұрып сайрай жөнелді.
-Бригадир Коля Дубовой, кличкасы Дуб. Басқа ешкімді білмеймін, шын айтамын, - деп безектеді әлгі жігіт.
-Жарайды верю, біз сені жібереміз, тек ойлама слинять етем, деп , бір жарым кг, по крупному кетесің. Бізге көмектессең, бізде сотта көмектесеміз, мелькии мен жібереміз, тісінің арасынан шырт түкіркеген Мәкең. Осылайша закладканы орнына қойған екеуі, әлгі есірткі таратушы жігітке мықтап тапсырмаларын беріп, бейне жазбаны өзіне көрсетіп, жағасының қыртысына дыбыс таратқыш тағып, тағыда қатаң ескеріп жөніне қоя берді.
Олардың негізгі мақсаты Дуб ты астыртын бақылау, сол арқылы қала басындағы есірткі желісін, мекен жайларын, астыртын «шақыруларын» (позывной) толықтай тізімге алу. Осындай астыртын жұмыс жоспар бойынша тізімдегі барлық қалаларда жүріп жатты. Сөйтіп «Қақпан» операциясының басты мақсаты еліміздегі есірткі мафиясының ордасы болған ең ірі қалаларға бір мезгілде синхронды соққы беру болатын.
Кешегі уәде бойынша астыртын агенттерімен Дубтың кездесетін нүктесінде көшеде көзге түсе бермейтін қораштау, ескі жигули тұрды. Бүгін түнде Дуб қарамағындағылармен сходка жасайтын көрінеді. Сол сходканы кешегі қолға түскен жігіт арқылы тыңдап, барлық ақпараттарын жазбаға түсіру, сөйтіп операцияның бас штабына табыстау керек. Межелі күн жақындаған сайын операция мүшелері де демдерін ішіне тартып, әр бір берілген тапсырманы мұқият қатесіз орындап жатты. Қандай да болмасын бір кішкене жіберілген қателік бүкіл топтың еңбегін еш қылар еді.
Межелі күнде жақындап қалды, бәрің сақадай сай тұрың, теңіз портынан жүктеп болып жолға шығар кезде «Қақпан» жабылу керек, деп әр топ мүшесіне нақты, нақты тапсырмаларын беріп жатты топ басшысы егде полковник. Осылайша қылмыстық топ, сонау Ауғанстан, Ресей арқылы Қазақстанға жеткізілген 200 кг таза героинмен қолға түсті. Мұны естісе, Қазақстан мафиясының мұндай тірлігіне әлемдік наркобарон, дүние жүзіндегі бірінші нөмірлі Мексикандық атақты наркомафиози «Тасбақаның» (коротышка) өзі таң қалғаннан аузын ашып, көзін жұмар еді. Құны 3 млрд -тан асып жығылатын бұл ірі партияның қолға түсуі және бүткіл бір елдегі есірткі желілерінің бір мезетте күйреуі бұрын соңды болмаған оқиға еді, шын мәнінде, есірткі бизнесіне қарсы Қазақстандық топтың қажырлы еңбегінің арқасында жүзеге асқан болатын. Кеденнен емін еркін өтіп автокөлікке жүктелуі Қазақстандық мафияның қандай жоғары дәрежеде аймақ арқылы тұрақты түрде қызмет атқарып отырғанының бірден бір дәлелі болатын. Сол күні алдын ала жасақталған тізім бойынша басқа қалаларда да есірткі тасымалдаушылар, таратушылар, олардың жетекшілері бәрі қолға түсті. Әрине құрықталған топтың ішінде Кеден қызметкерлері, басқа да құзырлы, органдар өкілдері, Жолгелді сияқты ұсақ шабақтармен қоса мафия басшысы да қолға түсті. Таймас тек, ендірілген агент ретінде Рейімбайды аман алып қалды.
Тергеу барысында Жолгелдінің басқа да ерліктері, Жомартты өлтіргені, бар дүние мүлкін, Жомарттың қолын өтірік жасақтау арқылы рәсімдеп алғаны, осы тірлікке қатысты нотариус қызметкері әшкере болды. Ұзаққа созылған сот процессі аяқталып, ұзақ мерзім есірткі тасымалдаумен айналысып келген Қазақстандық топ, әр түрлі деңгейдегі қатысушыларымен қоса тиісті жазаларын алды, оның ішінде Жолгелді дүние мүлкі тәркіленумен қоса 25 жылға қатаң режимде бас бостандығынан айырылды. Ал Мақатай, Магаға келетін болсақ , ол қолға түспей сытылып кеткен болатын. Көп ұзамай Мақатай қазақстандық және ТМД елдерінің қылмыскерлерді Іздестіру жүйесіне енгізіліп, жарияланды.
Істі болғандар бойынша соттың шешімі шыққаннан соң Таймас әкесінің дүние мүлкін, кәсіпорынды қайтарып алған болатын. Айтпақшы інісі Жолдас бұл кезде Қазақ көлік және коммуникация академиясының (КАЗАТК) көлікті пайдалану және жүк қозғалысымен тасымалдауды ұйымдастыру факультетінің соңғы курсында оқып жатқан еді бұйырса быйыл бітірмекші. Тек кіші інісі Алмас қана әзірше оқуға түскен жоқ, құрылыста құрастырушы болып істейді. Атасы Жайлаубай ақсақал әлі де болса тың сексеннің үстіне шыққан, ал анасы Ризагүл болса сол баяғы тігіншілікпен айналысады, әзірше кәсіпкерлік аша қойған жоқ, үйден тапсырыс алып отырады. Осылайша өмір өз ағысымен өтіп жатты.
-Балам менің кәрі қойдың жасындай жасым қалды, қашан келін көремін, сүтті қою шайдан ұрттап қойып сөз бастады Жәкең ақсақал. Әрине мен көрерімді көрдім ғой, дегенмен шөбере сүйген де қызық болар деп едім. Анаңа да қолғабыс керек ау, жасың болса жиырманың бесеуіне келді. Әзілге шаптырған Таймас, -ой әлі жаспын ғой, қыз іздеуге қол тиер емес, деп күлді де қойды. Ойға шомып кеткен Таймас Қарағандыда қалған Сәбираны есіне түсірді. Қарағанды да өткен төрт жылдың соңғы екі жылында, қит етсе, тиіп қашып кездесіп жүрді екеуі. Сәбира орыс қолдау демесең, өте әдемі, ақ көңіл, адал жан болатын. Бұйырса биыл кезекті еңбек демалысында Қарағандыға бармақшы. Соңғы кезде Сәбира бейнеқоңырауды көбейтіп жүр, сағындым, алып кетемін, деп едің, уәдеңде тұрмай кеттің, деп өкпесін білдіріпте қояды.
Кезекті жедел кеңесте басқарма басшысы полковник Бахтыгереев Бекен , есірткі операциясы кезінде қолға түспей қашып кеткен Мақатайдың Қырғызстанның Ош қаласында екені анықталғанын жариялады.
-Таймас сен жолға жинал, қасыңа жас жігіттердің біреуін алмасаң Мәжитте уақыты бітіп аулына кетті емеспе, (бұл кезде Таймас аға лейтетант шеніне ие болатын). Өте сақ болғайсың, Мага әккі де қанішер қылмыскер екенін ұмытпа.
-Құп болады полковник мырза, тек Оштағы әріптестерімізге хабарласып, жан жақты көмек беруін сұрасаңыз.
-Хабарласқам, қалалық ішкі істер басқармасындағы әріптесіміз майор Нұрбеков Жеңішпен танысып кіріп шығарсың, менен сәлем айт, қолдан келгенше көмектесемін, деген.
Осылайша Таймас қасына лейтенант шеніндегі Бекесов Шерхан деген жігітті ертіп жолға шықты. Шерхан жасы жирмаға екіге толған Қостанайдағы полиция орта мектебінің түлегі осында жұмысқа кіргеніне төрт, бес айдың жүзі болды. Орта бойлы мығым жігіт, томаға тұйық әңгімеге жоқ, үнсіз тыңдап, қысқа қайыратындардың бірі. Ош қаласына келіп жеткен Таймаспен Шерхан бірден қалалық Ішкі істер басқармасына барды. Майор Нұрбеков кабинетінде екен, ашық жарқын қарсы алды,
-мейманханаға орын броньдап қойдық, жолдан шаршап келген боларсыңдар, бүгін сірә кеш болып қалды ғой, таңертең ерте кіресерміз.
-рахмет майор мырза, дегенмен жалпы жағдайдымен танысып кетсек, ертеңге дейін ойластырып қоятын.
-Танысатын ештемесі жоқ, осы қалада тұрады, үркітіп алмас үшін сыртынан бақылап жүрміз, мекен жайын бір рет ауыстырды. Сезіктеніп қалмады ма деп, бақылауды азайттық, әзірше тыныш, ешкіммен сөйлеспейді.
Ертесіне тынығып алған екеуі салған жерден анықталған мекен жайға барып аңди бастады, әрине жергіліктілер бақылауды тоқтатты. Айтпақшы ескі бір аудиді жалға алып, соның ішінде отырып бақылау жүргізді. Таңғы сағат жетіден бастап күткен екеуі түске таман ғана суреттегі кісіге ұқсайтын біреудің шығар есіктен көрінгенін байқады. Былайырақ шыққасын кісінің шынымен Маға екеніне көздерін жеткізген екеуі ізіне түсті. Мага таксилетіп қала шетіндегі тастан салынған шарбағы бар үйге кіріп кетті. Екі, үш күн бақыламай бірден бас салып ұстау қауіпті екенін, сыбайласы барма, жоқпа, болса нешеу екенін анықтап білу қажет екенін көкірегіне түйген Таймас, -аңдысын аңди тұрайық, деді сыбырлап. Ымырт үйіріле кері шыққан Мага өзінің жатақ жайына келіп кірді. Осылайша екі күн бақылаған Таймас, Маганың екі сыбайласы бар екенін анықтады, Жеңішке операцияны бастайық, деп ұсыныс берді.
-Қасыңа жедел топ қосып беремін, өздерің тәуекелге бармаң, үшеуінде де қару бар болуы мүмкін.
–Рахмет майор мырза біз дайынбыз, ендеше ертең үшеуінің басы біріккесін бастайық. Межелі уақытта үш -жедел топ мүшелерімен екеуі қала шетіндегі тас шарбақтың қасына жиналды. Биік шарбақтан ішке енудің өзі де оңай емес еді, Таймас пен Шерханды сыртқа қалдырған жедел топ шарбақтан секіріп ішке енді. Шәуілдеп үрген иттің, қиқулаған тауықтардың даусы төңіректі азан, қазан қылды. Дыбыс гранатасы даусымен қоса тапаншаның тарсылдаған даусы қоса естілді, шамасы, ит шәуілінен дайындалып үлгерген үшеуі үш жаққа қаша жөнелген болатын. Биік шарбақтың маңында жалтаңдап қарап тапаншаларын кезеп тұрған Таймас пен Шерханның маңына секіріп түскен біреу, сүріне, қабына қаша жөнелді, қашып барады, тарсылдатып атып барады.
-Шерхан сен алдын ора тығырыққа тірейміз, серіктесін сөйтіп қауіптен қорғаған Таймас Маганың артынан қуа жөнелді. Қыза, қыза құлақ түбінен ысқырып өтіп жатқан оқты да елер емес. Айтса айтқандай тығырыққа тірелген Мага тапаншасын кезеніп тұра қалды. –Көтер қолыңды, әп бәлем оғың таусылды ма? Таста қаруыңды миыңды шашамын. Тапаншасын кезеніп тұрған Маганың қулыққа басып тұрғанын қызу қанды Таймас сезер емес. Қалған жалғыз оқпен Таймасқа кезеніп атып үлгерді. Иықтан тиген соққыдан құлап түскен Таймас қаруын кезеніп атып тұрды. Сол қолы ұйып жансызданып жүре берді, ауыруы сезілмейді.
-Көтер қолды, қаруыңды таста иттің баласы өлтіремін, аяқтан дәлдеп атқан оқ сан етін жұлып кетсе керек, жан даусы шығып құлап түскен Мага тыпырлап жатыр. Тыпырлап жатып, құтырдан итше тісін ақситып Таймасқа қарап, -қап бәлем тұра тұр, я тебя достану, әкенің соңынан кетесің, деп ызалана түсті. Осы кезде жүгіріп жетіп үлгерген Шерханда қылмыскерді желкеден бір ұрып сұлатты да дереу қолдарын артына қайырып кісен салып тастады. Топырлап жеткен жедел топта үлессіз емес еді, Маганың екі сыбайласында қолға түсіріпті.
Ота жасап оқты алса да күп болып ісіп кеткен қолы қозғалтапай қалды, тұңғыш рет өлімнен бір қадам қалған Таймас жұмысының қандай қауіпті екенін ойлай бастады. Ертесіне Таймас үш қылмыскерді алып кетуге Түркістаннан қарулы жасақ шақырып, қылмыскерлерді соларға тапсырды да Шерхан екеуі ауылға оралды.
Оншақты күн ауыруханада жатып шыққан Таймас атасының үйлену керек, деген ұсынысына қатты ойланып еді. Әсіресе кешегі тиген оқ оның өмірге деген көзқарасын мүлдем өзгертіп кетті. Ертеңіне жұмысқа шыққан Таймас, бірден арыз жазып бастығына кірді.
- Полковник мырза кезекті еңбек демалысыма шықпақ ойым бар, рұқсат етсеңіз.
- Әрине Таймас, қайда бармақ ойың бар?
- Қарағанды жаққа барып келмекшімін, дем алып, сол жақтағы бірге оқыған жігіттерге соғып, деп күмілжіді саусағымен қолындағы кепкасын дөңгелетіп отырған Таймас.
- Біратала келінді ала кел енді, деп күлді, Қарағандыда қызының бар екенінен хабардар полковник.
Сөйтіп Таймас Қарағандыға жол тартты, жүрегі алып ұшып жеткенше асық. Енді Сәбирамен жақынырақ таныса кетейік. Айтпақшы Сәбирамен танысқанының өзі бір қызық болған еді. Сәбира жалғыз інісі, мамасымен тұратын. Інісі әлі үйленбеген, өзі Қарағанды педагокиқалық институтында сырттай бөлімінде тарих факультетінде оқитын. Қаланың бір кафелерінде даяшы қызметін атқаратын. Сол күні кешке қараңғы түсе батаған кез, Сәбира әдеттегідей жұмыстан шығып үйге жаяу аяңдап келе жатқан. Үйлері жұмыс орнынан онша қашық емес еді, көшенің шамдары самаладай жарық, бір бала - бақшаның маңынан өте бергенде ағаш түбінде отырған екі жігіт өре түрегелді. Аздап ащы судан ұрттап алған сияқты шамасы, -қарындас кел танысайық, тоқта біз адам жемейміз, әсіресе айқайлап сөйлеген ұзыны тықыртып қояр емес. Келе жабысып иығындағы сөмкесін жұлып алды, сасып қалған қыз қорыққанынан айқайлап жіберді. Осы кезде анадайдан аяқ астынан бір ірі жігіт шыға келді. –Жіберіңдер қызды нелерің бар, тістене сөйлеп ара түскен Таймас еді, кешкі кезекшіліктен жатақханасына қайтып келе жатқан беті болатын. Денесінің ірілігінен бе, немесе сұсты жүзінен бе, әйтеуір ығысқан жігіттер, жөндеріне тайып тұрды.
Осылайша аяқ астынан танысқан екеуі сол күні түннің бір уағына дейін отырған болатын. Таймас келесі күні ақ, жүрегі алабұртып әлгі қызды іздейтінін бірақ ұқты, ұқты да сабақ біткенше асықты. Осылайша екі жыл екі күнгідей болмай өте шыққан еді, бара бара бірін бірі жығыла жақсы көріп, екуі де жүрек шымырлатар тәтті сезімнің құшағында болатын. Сәбира Таймасты ақылына көркі сай, биязылығымен, соңғы кездерде қыздардың бойынан көп кездесе бермейтін шынайылығымен бірден жаулап алған болатын. Бір басына үйіп төгіп берген адамгершілігі, нағыз ер жігітке тән қайсар мінезі, ірі денесіне қарамастан сезімталдығы Таймасты да Сәбираға бекем таңып тастағандай бірін бірі көрмесе тұра алмайтыны халге жеткен болатын. Қоштасар кезде келіп Таймас дипломын алып еліне кетті, кетті де орынығып болғасын келіп алып кетуге уәдесін беріп аттанды.
Қарағандыға келген жүрдек пойыз, шиқылдата тежегішін басып перронға келіп тоқтады. Апыл, ғұпыл түсіп жатқан халық, бірін бірі итеріп, құдды пойыз жүріп кететіндей асығып әлек. Есік алдына келіп тұрған, үстінде көздің жауын алатындай жасыл көйлек, екі иығын жауып тұрған, әдемі қиылған қолаң шашы желмен баяу желбіреген Сәбира бірден көзге түсті. Нәркес көздерін төңкере қарап бірден Таймастың құшағына кіріп кетті. Бірін бірі қатты сағынғаны соншалық, екеуінен басқа жан жоқтай құшақтары айқаса түсті. Ерсі көрдіме, өткен-кеткен жұрт ошарыла қарайды. –Жаным келіп болмадың ғой, екі жанарынан қуаныш жасы сорғалаған Сәбира сыбырлап қояды. Сол түні мейманханаға орналасқан Таймас Сәбираны қасына алып қалды, інісіне телефон соққан Сәбира, ұайымдамаңдар ауылға Таймас келіп сонымен біргемін, үйге ертең бірге барамыз деді. Таймастың иығындағы тыртықты көрген Сәбираның жүрегі зу ете қалды. –Жаным ау мына жеріңе не болған, жұмысың соншама қауіпті ме не, қорқыныштан жүрегі аузына тығылған Сәбира сыбырлап. –Ештеме етпес, біз сияқты адам да бұл қоғамға керек шығар, осы бастан үйрене бер. Тәртіп сақшысының жұбайы болған оңай емес, деді Таймас күбірлеп.
Махаббаттың ләззатына бөленген екеуі оншақты күннің қалай өткенінде білмей қалған болатын. Таймасқа бір шешімге келетін уақыт таянды. Алғашқыда неге болсада дайын Сәбира да жеме жемге келгенде, анасын, жалғыз бауырын ойлап басы қатты. Ең болмаса аяқтанбады да, анасы да соңғы кезде қыңқыл, сыңқылы көбейіп кеткен тәрізді. Ақылдаса келіп екеуі ақыры бір тоқтамға келді. Сәбира Ақтауға жұмысқа кіріп орналасқасын, анасы мен інісін, мұндағы үйді сатып көшіріп алатын боп келісті.
Жолдас әкесінің компаниясын дөңгелеткелі де бір жылдың үстіне шықты. Енді транзит деңгейі өсіп Ресей арқылы Еуропа ның көптеген қалаларына, сосын кері қарай, ерсілі, қарсылы жүк тасымалы көбейе бастады. Тұрақты тұтынушылары да қалыптаса бастады. Баяғы сотталмай әрең қалған Рейімбай осы күні компанияның бас диспечері қызметінде. Ақ адал еңбегімен Жолдасқа жанын сала көмектесіп жүр.
Он бес жылға кесіліп үшінші рет темір торға тоғытылған Мага жатса, тұрса ойлайтыны Таймастан кек алу болды. Түрме туған үйіндей болып кеткен Магаға Таймастың соңына түсу аса көп қиындыққа түспеді. Қылмыс әлемінің тұжырымдамасына сәйкес Мага темір тордың ар жағында отырып ақ, өз ықпалы жүретін топқа ауызша тапсырма беріп, орындалысын талап ететін еді. Телефон соғып бостандықтағы сыбайласы Бұқаға,
-Сен маған Таймас деген мент туралы толық ақпарат жинақтап бер, қандай қызметте, жанұя жағдайы, қандай осал жерлері бар?
- Жарайды Мага екі, үш күнде беремін. Осылайша тапсырмасын алған Бұқа өз каналдары арқылы, Таймастың шенінің майор деңгейіне өскенін, қалалық ішкі істер басқармасынан ауысып ҰҚК нің есірткіге қарсы күрес бөлімшесінің бастығы қызметіне тағайындалғанын, інісі Жолдастың компаниясы бар екенін хабарлап үлгерген болатын. Бұл хабарды естіген Мага ойланып қалды. Әрине Магаға тікелей қастандық жасау өте қауіпті екенін сезіп отыр. Әйтседе, «Адайтранзит» ЖШС директоры Жолдас інісі арқылы қастандық жасауды ойластырған жөн деп шешті.
Рейімбай диспечердің жауапты да, қиын жұмысына енді төселіп келе жатты. Жалақысы да тәп тәуір, үш баласы мен жолдасының жүріп, тұруына, керек - жарағына молынан жетеді. Ішкі телефон қондырғысы шырылдап қоя берді, бақылау өткізу пунктіндегі кезекші болып шықты.
-Рыеке сізге бір адам келіп тұр, шұғыл шаруам бар, дейді..
- жібере ғой, келсін.
Кабинетке баса көктеп кіріп келген орта бойлы мығым жігіт орындыққа жалып етіп отыра сала, білегі жүн, жүн қолақпандай қолын созып, Бұрынбай, деп қысқа қайырды.
- Иа айта беріңіз, не шаруа.
- Сен Маганы танитын шығарсың, сол арғы жақтан саған сәлем жолдады. Мені он бес жылға отырғызып алып, тайраңдап жүремін деп ойламасын, деді. Бізге қызмет істейді, әйтпесе... жанұясы бар екенін ұмытпасын, деді.
Басын ұстап ойланып қалған Рейімбай аяқ астынан қара терге түсіп саса бастады. Япырай, біліп едім бұлардың жайыма қоймайтынын, енді қайттім. Баяғы Жомартпен болған оқиға көз алдынан кино лентасындай зулап өтіп жатты. Жолдасқа да соны істеуі мүмкін екенін ойлағанда зәресі зәр түбіне кетті. Не де болса Таймасқа айтуға бел шешті, бәрі бір жөніне қоймайтындарына көзі жеткен сияқты.
-Таймас Рейімбай ғой мазалап тұрған, Сізге бір айтатыным бар еді, қалай кездессек екен?
-Жарайды, бүгін кешке келе ғой үйге, Жолдас екеуміз күтеміз. Осылайша үшеуі Таймастың үйінде бас қосып, аталмыш мәселені талқылап, әзірше аңдысын аңдып тұра тұруға, Таймас Бұрынбайды (Бұқаны) бақылауға алуға келісті.
Бұл күндері Сәбира Ақтауға келіп, көп ресторандардың біріне әкімші болып қызметке тұрған болатын. Таймас екі бөлмелі пәтерді соған беріп қойған. Заңды түрде үйленбеді демесең екеуі күнара сол пәтерде бас қосады. Бұйырса быйыл күзге тойларын өткізетін болып шешті. Сәбира бұл жағынан жүрегі тынышталса да, анасын, бауырын ойлап мазасы кетіп жүр.
-Жаным ау асықпашы тойымызды өткізіп алайық, сосын үйіңді көшіріп аламыз осында.
-Пәтерді қайтеміз олар мұнда келгесін тұратын үй жоқ ғой, деп еркелеп Таймастың мойнына асылған Сәбира.
-Қайтеміз дегені несі, әзірше осында тұра берсін, ал, біздер котежде тұра береміз, тек, менің анам мен атамның тілін тапсаң болып жатыр.
-Тілдерін таппай не бопты, мен үшін ол қиын емес, өзімнің азаматымның атасы мен анасынан маған жақын кім бар. Осы сөздерді естіп жүрегі үлбіреп жүре берген Таймас Сәбирашын маңдайынан сүйіп, кеудесіне қысып, қысып қойды. Аллатағала, тағдырыма ризамын сені кезіктірген жаным менің, деп емірене жымиды Таймас.
Басқарма бастығына Бұқа туралы баяндаған Таймас, тез арада шарасын алмаса, мұның ең жақын адамдарына қауіп екенін, түрмеде жатқан Мага ештеңеден тайынбайтынын қынжыла отырып айтып берді. Осылайша Таймастың жанұясының басына тағы да қара бұлт үйірілген еді.
Кезекті жедел кеңесте аталмыш мәселені күн тәртібінде қараған басқарма басшысы қызметкерлерінен өз ойларын ұсынуды талап етті. Қолын көтеріп сөз алған Таймас, -Бұқаны тездетіп ұстау керек, ойлануға мұрсат бермеу керек.
-Жоқ олай істеуге ерте сияқты, бізге алдымен олардың қандай ойы бар екенін, сыбайластары болса оны анықтауымыз керек, деді екіұштылау көзқараспен Таймас жаққа мойын барған Шерхан.
- Дұрыс айтасың Шерхан, аңдысын аңдып қарау керек, бірден жабыспай, әйтпесе Рейімбайдың отбасына қауіп төнуі мүмкін. Ең негізгісі сыбайластарымен қоса құрыққа түсіру керек, ал Сен Таймас, тікелей операцияға араласпа, сен ең мүдделі адамсың, бұл жерде салқынқандылық керек, операцияны барысында топ басшысы етіп аға лейтенант Бекесов Шерханды тағайындамын. Ал, Таймасжан сен ренжіме, операцияға тікелей қатыспағанмен, өз пікіріңді айтып, ұсыныс жасауға, операция барысын қадағалауға рұқсат етемін, деп сөзін аяқтады полковник.
Осылайша шешім қабылданғаннан екі күн өткесін Бұқаның ойы белгілі бола бастады, ол, қасында бір сезікті жігітпен Жолдастың мекемесін торуылдап жүргені мәлім болды.
Мұны естіген Таймас ойға шомды, шыныменен баяғы әндеріне қайта басқандырыма, мафия толықтай талқандалды дегені қайда? Сезігі шынымен расталғаныма?, бір сәтте бүткіл дүние мүлкін сатып, Атасын Анасын, Сәбирашын алып басқа жаққа көшіп кеткісі келді, әрине онда жұмыстан шығуға тура келеді.
Көп ұзамай Бұқа Рейімбайға талаптарын мәлім етті.
-Кәсіпорынның бүкіл тауар тасымалы құжаттарын бақылайтын, рәсімдерін сен ғой, солай емеспе?, сұсты көзімен тіке қараған Бұқа.
-Иа, мен арқылы рәсімделеді, бірақ онымен не айтқыңыз келеді?
-Жуырда Ираннан жүк тиген фура келеді. Жүргізушісі біздің адам болады, сол фураға өз кәсіпорыныңыздың эмблемасын салып, құжаттарын рәсімдеп, Қытайға кететін фураларға ертіп жібересіңіз, Үрімшіден біздің адамдар күтіп алып, жүгін түсіреді. Болған біткені осы ақ, бұл мәселені бастығың Жолдас, әсіресе ағасы Таймас білмеген жөн. Әйтпесе өзің білесің не болатынын, деп гүрілдеді, сұп- сұр жүзінен жалын шашқан Бұқа. Ішінен тынған Рейімбай басын изей берді. -Құжаттарын рәсімдеу, көлікті қайта жасақтау астыртын жүзеге асатын болсын, тірі тышқан білмеуі керек.
Ертесіне белгіленген уақытта телефон соққан Бұқа, кездесетін жерді хабарлады. Рейімбайдың телефонына тыңдау қондырғысын орнатқан Шерхан жігіттері бәрін жіті бақылап отырды. Жанұясы үшін қорыққан Рейімбай барлық тапсырмасын қалтқысыз орындады, бірақ Шерхан жігіттерінің бақылау орнатқанынан бейхабар болатын. Осылайша белгіленген уақытта құжаттары рәсімделген егіз қозыдай екі фура жолға шықты. Енді барып не істегенін түсінген Рейімбай қатты састы, апырай айтуым керек еді жігіттерге фура жөнінде, енді қайттім. Ойлай, ойлай ештен кеш жақсы айтайын, -деп шешкен Рейімбай, әдеттегідей Шерханды кездесуге шақырып, болған жағдайды мәлімдеді.
-Саспай ақ қой, біз бәрін біліп отырмыз, бәрі бақылауға алынды, сенің жанұяңда. Біз оларды кеден бекетінде ұстаймыз, сенің тарапыңа сезік тудырмауға тырысамыз, деп Рейімбайдың жүрегін орнына түсірген Шерхан.
Осылайша аталмыш жүкті Қорғас кеден бекетінде Шерхан бастаған топ күтіп тұр еді, операция барысында жоспарға сәйкес екі көлікте әлде бір себептермен кідірту қарастырылды. Сөйтіп әлгі Бұқаның фурасындағы екі жігіт амалсыз өз басшыларына хабарласады, өз тарапынан Бұқа сол жерге келуге мәжбүр болады, деп топшыланған болатын. Шын мәнінде солай болды да, кеден қызметкерлері әр фура үшін он мың доллар талап етті (әрине жедел топтың сұранысы бойынша), әйтпесе фураны ашып заттарды шығарып бір, бірлеп декларацияға сәйкестігін тексеруге тура келетіні хабарланды.
Әдеттегідей жемқорлардың талабы деп түсінген Бұқа, өз тарапынан транзит жүктің иесіне хабарласып, ақша алып өкілі келетін болды. Сөйтіп Бұқа бастаған жүк иесінің өкілі, кеден қызметкеріне он мың доллар беру үстінде тұтқындалды.
Таймастың күдігі рас болып шықты, бұл жолы Иран кроссовкаларының табанында жасырылған 50 кг синтетикалық есірткі тәркіленді, сонымен қатар декларациясыз өткізуі жоспарланған тауардың жалпы сомасы 100 млн теңгені құрайтыны анықталды. Маганың інісінің кәсіпорны арқылы Таймасқа жасаған бұл қастандығы іске аспақ түгілі сыбайластарына кесірін тигізді, сөйтіп Магамен Бұқа кетекке кірген еді. Қылмыскерлер әлемінің ұғымына сәйкес бұл кешірілмес күнә болатын, әсіресе Маганың басына қара бұлт үйіріле бастады. Себебі қалай болмасын Маганың қолымен «Адайтранзит» ЖШС басшысы жазалануға тиіс болатын. Осындай тапсырманы «Жоғары мәртебелі ұрының» өзінен алғалы Магадан ұйқы қашты. Бостандықтағы жалғыз сенімді адамы Бұқа ұсталғасын оның түрмеден қашып шығудан басқа жолы қалмап еді.
Өмір бойы бостандығынан айырылған транзиттік қылмыскер Сова осында тұрақтағанына екі айдың жүзі болған еді. Қостанайдағы қатаң режимдегі колония анау айтқандай оған әсер етпеген еді, негізгі қоныстанатын жері Қарағандыдағы қатаң режимдегі түзету колониясы болатын, оған барғасын қашу мүмкіндігі болуы неғайбыл екенін ойлаған сайын Совадан маза кетті. Қашудың әр түрлі айласын ойлап жүрген Сова Маганың мәселесінен хабардар болатын. Кешкі серуенге шыққан екеуі оңаша сыбырласты,
-Мага, сені қашқысы келіп жүр деп естідім распа?
-Иа ондай ой бары рас, бірақ мына қабырғадан қалай өтерсің, бізді тіптен сыртқа да шығармайды ғой.
-Егер тәуекел етсең мен саған көмектесейін, бірігіп қашамыз. Құлағы елең еткен Мага демін ішіне тартып тыңдай қалды.
- Жуырда туберкулезден өлген екі адамды қалалық мейітханаға апаратын көрінеді, осыны пайдалансақ қайтеді, әрине бұл өте қауіпті. Қалалық мейітхананың адамы келіспесе бізді жерлеп тастауы мүмкін. Біздің мақсатымыз бүгін кешке лазареттегі табытты ашып екеуінде қазандыққа апарып өртеуіміз керек. Сосын барып орындарына жатамыз, бәрі андағы жігіттермен келісілген. Ал, қалалық мейітханадағы адаммен келіссөз жүргізілуде, күтетін уақыт жоқ, не болса да маңдайымыздан көреміз. Монтаждауыш темір алуымыз қажет керек болып қалуы мүмкін.
Сованың бұл ұсынысы ойға қонымды секілді болып көрінген Мага бірден келісе салды. Осылайша түрме күзетшісімен алдын ала келіскен екеуі, кешкісін түрме бастығы шақырып жатыр деген желеумен сыртқа шығарылды. Бірден лазаретке барып ойларын жүзеге асырды да екі табытқа екеуі алдын ала келісім бойынша мықтап шегеленді, айтпақшы ауа кіріп тұратын астыңғы жағында тесіктер тесілген еді. Енді тек күту және жоғары мәртебелі тағдырға сену ғана қалды. Қараңғы түсе табыт таситын көлікте шаң беріп қалды, айтса айтқандай бәрі де ойдағыдай жүріп жатты. Осылайша екі қашқын қалалық мәйітханадан бір ақ шықты, енді таң ата екі табытты туысқандары алып кетуі керек. Сол уақытқа шейін екеуі табыттан шығып қашып үлгеруге тиісті, әйтпесе жер астына кетуі хақ. Сова ұзын, әрі ірі болатын да, қасына алып шыққан темірі біресе ана қабырғаға тиіп, біресе мына қабырғаға тіреліп, қақпақты ашуға мүмкіндік бермей жатқанды. –Кешегі келіскен адамдары қайда, неге шығармайды мына түнектен, деп жанталаса ойлап жатқан Маганың көз алдынан барлық жексұрын өмірі зулап өтіп жатқан еді. Мәйітхана іші тым тырыс, жан адамның қимылы білінбейді, әкелгендеріне бәрер сағат болса да бір жылдай болып көрінді екеуіне. Сованың келіскен адамы қу алқаш болатын, кезек ауысқаннан, өзін батыр сезіну үшін ішіп алып ұйықтап қалған еді. Мага орта бойлы болғанымен шымыр да қайратты еді, жата - жата ештеме өзгермесіне көзі жеткесін жанталаса қимылдай бастады. Екі аяғын бауырына тартыңқырап барлық күшін салып, тізесімен тақтайды итере бастады. Бақтарына қарай табыттың қақпағы біртіндеп орнынан қозғалып, тарс етіп ашылып кетті. Табыттан шыға сала барып Сованы шығарып алды, -теміріңді неге пайдаланбағансың, өліп кете жаздадық ғой, келіскен адамың қайда, деп сыбырлады бұрық - сарқ ашуланып жүрген Мага. – Ол адаммен әлі сөйлесемін, тезірек табанды жылтыратайық, анау жатқан екі өлекті мына табыттарға салып шегелеп кетелік, еш жан сезбесін. Ойларын іске асырған екеуі түн қойнауына сіңіп жоқ болды.
Кешкі шай үстінде сексеннің жетеуіне шыққан Жайлаубай ақсақал Таймасқа қарап баяғы әңгімесін қайта бастады. – Қарағым ау қызым бар деуші едің, енді әкелмейсіңбе, мен қашанғы жүрер дейсің, шөбере сүйіп батамды беріп аттанатын. Анау інілеріңде жетілді саған қарайлайтын секілді.
- Ата қам жемеңіз алдағы айда әкелемін, алла қаласа күзге келінді боласың. Аталарына айтпағандары болмаса бол жоспардан бәрі де хабардар еді, бір біріне қарап жымыңдасып қояды.
Уақыт зулап өтіп жатты, уәдесінде тұрып Таймас үйленген соң Сәбирашының Қарағандыдағы үй ішін көшіріп әкеліп екі бөлмелік пәтеріне орналастырды. Өмір өз ағысымен осылайша тату, тәтті өте берер ме еді, Таймасты шошытқан бір хабар болмаса.
Күнделікті жедел кеңесте ҰҚК полковнигі Маганың Қостанай түрмесінен қашып шыққанын, сарафан радиосы айтуынша Таймастан және оның інісі Жолдастан кек алмақшы екенін баян етті.
-Әрине біз барлық шараны аламыз ғой бірақта сақтықта қорлық жоқ, жанұяңды басқа жаққа уақытша жібере тұрмасаң болмас, деді қабағы қыртыстанған полковник.
- Полковник мырза өткендеде мені операцияға қатыстырмаған, осы жолы рұқсат етіңіз, бұл өліммен өмірдің мәселесі, сырттан бақылап тұра алмаспын.
- Жарайды ендеше операцияны өз қолыңа ал, түрме басшыларымен хабарласып бірігіп іздестіруді бастайық, деді қысқа қайырған полковник.
Сол күні ақ ізін суытпай Таймас Түрме бастығы мен жолығып, іздестіру қызметкерлерімен танысты. Бірігіп іс қимыл жасауға келісті. Маганың бостандықтағы таныстарын, бұрынғы түрмеде бірге отырған сыбайластарының тізімін, мекен жайларын анықтауға құлшына кірісіп кеткен Таймас көп қиналмастан түрмеде бірге отырған Сованың сыбайласы Медведьевке (Қара аю) тап болды. Қара аю түрмеден босап шыққасын түзу жолға түсе қоймап еді, сол бұрынғы әдетіне басып пәтер тонаумен айналысатын. Ол біздің бақылауда, жуырда бұлтартпас дәлелмен қолға түсіреміз, ол енді уақыттың еншісінде, деді ерекше шіреніп сөйлейтін Учаскелік жедел уәкіл. Таймас үн-түнсіз кетті де Сованың үйін торуылдап бастады, қаланың шет жағында орналасқан, ағаштан дәм болсын, қалай болса солай сала салған шарбақ күнге әбден күйіп, бір тепсең құлағалы тұр. Тонадайда әр жер, әр жерде шашырай өскен қарағай бұтақтары көрінеді, берекеті кеткен көше алқап, салам. Екі күн торуылдаған Таймас бейсеубет ештеңе байқамады. Әбден жалыққаннан енді қолды бір сілтеп кеткелі тұрғанда үйдің маңына келіп бір ескілеу машина тоқтады да үй жақтан шарбақтың есігінің тарсылы естілді. Демін ішіне тартып тыңдай қалған Таймас, түн қараңғысында қанша тырысса да кімдер екенін байқай алар емес.Тек орысша күбірлескен екеуі көліктен түсіп шарбаққа кіріп бара жатты. Походу нас засекли, нужно срочно менять квартиру, -деді ұзындау біреуі.
Таймасқа Сова болуы мүмкін ау деген ой келді, сонда қасындағысы кім болды Мага емеспе екен, осылайша іштей ойлаған Таймас жасырына, ақырын үйге жақындай берді. Енді қайтпек егер топ шақырса олар ізін суытып үлгеруі мүмкін. Неде болса тәуекел етпекке бел байлады, тапаншасын шығарып терезенің алдына бұғып келіп тың - тыңдай бастады. – Давай теперь пойдём каждый своей дорогой, нам нельзя вместе, - бұл сөйлеп тұрған шамасы Мага болса керек акцентінен белгілі. Екі күн торуылдағанда қай уақытта бұл пәтерден шығып кеткен, қайда барып келген Таймас үшін беймәлім болып қалды. Шындығында Сова бұрынғы әдетіне басып Қара аюмен кездесіп еді. Енді үшеулеп пәтер тонауды жоспарлап жүрген болатын. Өйткені оларға, әсіресе Магаға өз жоспарын жүзеге асыру үшін ақша керек ақ еді.
Ізіме түсіп қоймадың ғой, сені бір жағына шығармасам болмас, - деп Магаға тісін қайраған Таймас сақтық үшін жедел топ шақырды да, күтіп тұрмастан есікке қарай бет алды, үшеуі үш жаққа кетуді жоспарлаған қылмыскер топты жіберуге болмайтын еді. Шындығында Мага мен Сова сырттан келіп еді де Қара аю іште қалған болатын. Ал, одан Таймас бейхабар еді, оның ойынша іште тек екеу шығар деп жорамалдады
Әуелі тысқа шығып қарап келейін, тұра тұрың, деген Қара аюдың гүрілдеген даусы естілді. Есікті жайлап аша берген мезгілде, іштен Қара аю шыға келді, қолында кезенген тапаншасы. Ештеме ойлап үлгермеген Таймас, көзді ашып жұмғанша оны атып салды. Мылтық даусы шығысы мен іштегі екеуі терезеден секіріп қашты. Қымғуыт атыс басталды, Кім атып жатыр, кімге атып жатыр, біліп болар емес. Мұрсатта Таймастың оғы таусылып еді, тапаншасын қайта оқтай бергенде кеуде тұсынан алған қатты соққыдан Таймас кескен теректей құлап түсті. Дәл осы сәтте жедел топта жетіп үлгерген болатын. Офицерді өлтірді, атыңдар, дәлдеп атыңдар, - деген командирдің даусымен қоса автоматтың оғы жаңбырша жауды. Таймастың құлап жатып соңғы естігені автоматтың даусы еді, үлгерді ау әйтеуір, деп ойлаған Таймас есінен танды. Жедел жәрдем, криминалдық топ бір мезетте келді. Тірі екен, тез ауыруханаға, деп жан даусы шыққан командир қара маскасын шешіп, екі қылмыскерге ендігі жедел жәрдем керек емес еді. Маганың көзінде әлде ыза, әлде өкініш, шарасынан шығып қатып қалыпты.
Таймастың реанимацияға түскенін, ауыр жаралы болғанын естіген Сәбира жанын қоярға жер таппады. Онсызда қатты ауырып жатып қалған Атасына айтуға қорыққан Сәбира үнсіз шығып кетті. Жол бойы ойы он саққа жүгірген ол, осыдан тірі қалса мұндай қауіпті жұмыстан шығасың деп талап қоюға ұйғарды. Әлі бала көтере қоймаған Сәбира, кіналы Таймас деп ойлайтын еді. Күндіз, түні жұмыста жүретін ол жұбайына көңіл бөлуге мүлдем уақыты да болмайтын. Әйтеуір енесі Ризагүл жанын түсінетін еді, туған анасындай болып кеткен сол кісі болмаса, басқа алаңдайтын ештеңесі қалмағандай көрінетін.
Таймастың өмірі үшін күрес үш сағатқа созылды. Оқ кеуде тұсынан тиіп аортаның қасынан оншақты мм жерде тұрып қалған екен, отаның қиындығы да сонда болатын. Оқты алу кезінде кардиохирург сәл кателессе көптеген қан талшықтарына зиян келтіріп қан тоқтамауына әкеліп соғуы мүмкін еді. Абырой болғанда ота сәтті өтіп, оқ алынды. Сәбира келсе екі інісі, қызметтестері толып отыр, бәрінің көзінде қорқыныш сезінеді. Тек атасы ғана келген жоқ, себебі оған мүлдем айтпаған еді. Дәрігер шығып, бәрі сәтті өтті, өміріне еш қауіп жоқ, деп хабарлаған сәтте, манағы уайым, қорқыныш қуанышқа ұласып, ауыруханада отырғандарын ұмытып кетіп шулап жатты.
Таймас «ана жаққа» барып келгенін кейін есін жиғасын бірақ білді. Білді де үлкен ойға қалды, шынын айтқанда Сәбирашының өкпесі орынды екен, үйленбей тұрғанда екеуі қандай еді?, бір бірінсіз өмір сүре алмайтын сияқты еді. Ал, қазір қандай, оған деген барлық махаббаты үнемі таусылмайтын қауырт та қауіпті жұмыстың астында қалды емеспе. Бұлай бола берсе, балалы болмақ түгілі, екеуі айырылып тынатыны хақ. Осылайша бір шешімге келген Таймас, жұмыстан өз еркімен шығуға арызын жазып дайындап қойған еді. Таймастың мұндай жоспарына мүлдем бейхабар басқарма басшысы Таймастың қызметке шығуына өзінше дайындалып еді. Зейнетке шығуға жазған арызын кейінге қалдырып отырған департамент басшылары Таймастың жұмысқа шығуына орай аяқ астынан полковниктің арызын қанағаттандырып, орнына Таймасқа подполковник шенін беріп, оның үстіне қауіпті қылмыскерлерді жалғыз өзі ұстаудағы жанкешті ерлігі үшін, Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін медалымен марапаттап басқарма басшысы қызметіне тағайындауға шешім алып еді.
Бұл Таймас үшін тосын сый болды, таңғы жедел кеңесте басқарма басшысы, департамент өкілінің қатысуымен осыны жариялағанда, Таймас не айтарын білмей үнсіз отырып қалды, оның үстіне полковник, -сен нағыз ер жігітсің, одан да зор құрметке лайықсың, екі рет жараландың, ендігі жерде саған жүгіріп жүрген жарамас, барлық тәжірибеңді жастарға үйретесің, деп көпшікті қойып тастады. Мұндай жағдайда қалайша жұмыстан шығамын, деп айтарсың, не айтарын білмей күмілжи беріп еді.
Үйіне оралған Таймас өзін Сәбираның алдында кіналы сезініп, үнсіз ғана кірді. Жаңа қызмет, жаңа шен, марапат бәрі, бәрі оны қызықтырмағандай. -Не болды, шықтыңба жұмыстан, -деген Сәбираның сұрағына кеңесте болған жағдайды жайып салды. Мұны естіген Сәбира шынымен қуанды, - жақсы болған екен, енді күндіз, түні жұмыс жасауың азайды ғой, не ғұрлым жоғарылаған сайын, жұмысың соғұрлым жеңілдеу, қауіпсіздеу болады емеспе, деді жымиып. Сәбирашының бетіне қараған Таймас дән риза болып басын изей берді. – енді ісім сенімен болсын, - деді қарқылдап, -жылда бір бала туып бересің.
91 жасына қараған шағында Таймастың атасы Жайлаубай ақсақал дүние салды. Кісі баласының көңліне тиіп көрмеген, нағыз адамгершіліктің ең биік шыңына шыққан Жайлаубай ақсақалдың өмірі қандай жайлы болса, бұл пәниден аттануыды да сондай жайлы болған еді. Өмірінің соңғы сағатына шейін жатып қалмай, өз тезегін өзі төгіп жүріп, таңертең орнынан ұйықтап жатып, тұрмай қалған еді. Өмірінің соңғы минуттарында жанында болып, әңгімелесіп қоштасып үлгермегеніне Таймас қатты қиналып жүрді.
Таймастың кенже інісі естеріңізде болса, құрылыста қарапайым тас қалаушы болып істеген болатын. Кейіннен бригадир, құрылыс шебері болып істеді. Еңбектен қол үзбей жүріп сырттай құрылыс инженері деген мамандық алып шықты. Қазіргі кезде білдей құрылысшы, осы салада өзінің бизнесін ашуды ойлап жүр.
Кешкісін котеждің алдында, ауладағы шертектің астында отырып Таймас кенже інісі Алмаспен әңгіме соқты. Теңіз жақтан соққан қоңыр салқын жел көкірегіңді аша түскендей.
-Мен құрылыс саласында өз бизнесімді бастағым келеді аға, соған барлық жағдайым жететін сияқты.
-Әрине Алмасжан сен енді оңды, солыңды танитын жасқа жеттің. Жолдаста жақында үйленемін дейді. Жанұя құруың қажет дегендей, үй салу, тағысын тағылар... Бастапқыда тендерге қатысып, бағыңды сынап қара, біраз қаражат жинап алғасын, бұйырса тұрғын үйде саларсың.
-Жоқ аға, сол бірінші тұрғын үйден бастасам деймін. Ол үшін маған әуелі қала ішінен жер алу керек, сол жерді алу қиындау болып тұрғаны. Таныс керек, дейді жігіттер.
-Қайдам, деп күмілжіді Таймас, - менде ол салада таныс қайдан болсын, жақсы көрерміз, іздеп қарармын. Бірақ, әзірше құрылыс жұмыстарына тендерге түсіп қарасаңшы. Үнсіз келіскен Алмас басын изеді.
Уәде бергендей Алмас тендерге жанталасып дайындалып жатыр. Жалға немесе жеке меншікте базаң болуы шарт деймеау, автокөлігің болуы керек дейме, инженер қызметкерлерің болуы керек дейме, бітпейтін көп талаптар. Бәрін нобайлап бітіріп қалып еді, енді тендерге бөлінген ақшаның бір пайызын тапсырыс берушінің есепшотына аударуыңыз керек. Егер тендерді ұтсаңыз, тағы да бөлінген ақшаның үш пайызын аударуыңыз қажет болады. Осындай көп талаптарды әрең орындап болған Алмастың тендерге қатысуға зауқы соқпай қалды.
Сөйтіп күткен тендер болатын күнде жетті, таңатпай тұрып жүрегі алып ұшып жеткен Алмас, өзінен басқа тағы да бес мекеме барын көріп шошып кетті. Шошуы бекер болмапты, алдыңғы үштіккеде кіре алмай жолда қалыпты. Неліктен олай болды, қай жерден қате болды?, сұрап тексеріп жатуға мүдделі болмаған Алмас қолды бір сілтеп тайып тұрды. Ертесіне нәтижені естіген Таймас інісін қатты аяп кетті. Тендерлік комиссия төрағасына кіріп мән жайды білмек болып шешті.
Облыстық құрылыс басқармасы басшысының кабинетіне келген Таймас хатшы қызға өзін таныстырып, қабылдауға кіргісі келетінін мәлімдеді. ҰҚК подполковнигінің куәлігін көрген хатшы қыз сөзге келместен ішке лып етіп кіріп шықты да кіріңіз, деп жымиды. Кішігірім ғана кабинетте төрде де емес, қапталдап отырған басқарма басшысы, толық сары жігіт орнынан қалбалақтап ұшып тұрып, - төрге шығыңыз, шақырсаңыз өзімізде барар едік ғой, деп елпеңдей жөнелді. Бұлай жалпылдауды әуелден жек көретін Таймас, іштей ыңғайсызданып барып, ұсынған орындыққа отырды, жалма жан қарсы алдына жайғасқан сары жігіт, -құлағым сізде, не көмек керек деп, әрмен қарай жалпылдай сөйлеп.
- Шынын айтқанда әңгімені неден бастарымды білмей отырмын. Мен жеке шаруамен келіп отырмын, бәлкім бұл келісім орынсызда болар, деді алыстан орағытқан Таймас. Менің кенже інім Жайлаубаев Алмас құрылысшы еді, сол сізге тендерге қатысқан екен. Тендерге тапсырған құжаттары өтпей қалыпты, соның жағдайын білейін деген едім.
- Мекемесінің аты қалай еді?
- ЖК «Жайлаубаев»
Жалма жан телефонға жармасқан кабинет иесі, —тендерлік құжаттарды алып тез кірші, деп әлдекімге тапсырма беріп жатты. Бір құшақ папканы алып жеткен, домалақ кара жігіт, қолындағыларын столдың үстіне қойды да состиып тұрып қалды, көзінде аздап үрей бар сияқтыма.
—ЖК «Жайлаубаев» тың ақпараттарын қарашы, бірінші турдан неге өтпей қалған?
Папкаларын ақтарып отырған қара домалақ жігіт, қаралай қара терге түсті. Әрі аударып, бері аударып, ішінен бір қағазды алып шықты. Бұл тендерлік комиссияның хаттамасы болатын.
—Тапсырған құжаттары дұрыс болмапты, сондықтан бірінші турдан өтпеген екен, деп қысқа қайырды Сары жігіт. Жақында тағы бір обьект болады, соған тапсырсын, көмектесеміз.
Тендер мәселесінен мүлдем бейхабар Таймас, не айтарын білмей отырып қалды да, әйтеуір бірдеңе айту керек болғасын, —хаттаманың, басқа да құжаттарының көшірмесін берсеңіз, асықпай танысармын деп орнынан тұра бастады. Хаттамада бір шикілік бар екенін байқап қалған басқарма басшысы, -келесіде міндетті түрде өтеді, қам жемеңіз, өзіңізге хабарласып тұрамыз, деп құйқылжи жөнелді. Шын мәнінде бірінші турда табылған қателікті қатысушыға хабарлау, түзетуге үш күн уақыт беру міндеттері болатын. Осы қателіктерін біліп қояма деп сасқан олар, абыржып қалып еді. Сонда қалай тендер деген жәй аты ғана, ал кім ұтатынын шешетін өздері болғаныма?, деген жайсыз оймен Таймас орнынан тұрып қоштаспастан шығып кетті.
Таймас кеткесін басқарма басшысы шын саса бастады, бөлім бастығы қара домалақ жігітке айқайды басты. – Неге хабарлама жібермегенсің?, неге тендер алды түсіндірме жүргізбегенсің?, осыдан проблема болса , өзің жауап бересің, т.т.
-Оның туған ағасы ҰҚК подполковнигі екенін кім білген, осы уақытқа дейін мұндай жағдайда мәселе туындаған емес, деп ақтала жауап берген бөлім бастығы.
Кешкісін Таймас інісіне болған жәйітті айтып берді. Үндемей біраз отырған Алмас, -біздің бұл тірлігімізден ештеңе шықпайды, олар әдетте тендерді кім алатынын күні бұрын шешіп қоятын көрінеді. Одан да жалға да болса жер алып, тұрғын үй құрылысын бастап кету керек. Бастапқы капитал бар, ең негізгісі, тұрғындардан ақша жинап, үйді салу керек. Қалғанын жол жөнекей көрерміз, деп қайырды. -Бірақ көмектесеміз деп уәделерін берді ғой, байқап көрмесіне, деген ағасына,
- Фамилямызға сөз келтіріп не істейміз, қызығы солармен байланыспаған жөн, олардың тамыры тереңде жатырған шығар, оның үстіне сен органда істейсің ғой, саған кесірім тиіп кетер, деп ойын қорытындылаған Алмас.
- Тереңде жатса тереңнен қозғаймыздағы, бұл өзі системаға айналып кеткен сияқты ғой, бір шарасын алдыру керек шығар, мейлі түспесең түспей ақ қой сол тендеріне, бір мәнісі болар, деді үстін қағып орнынан тұрған Таймас.
Ертесіне Департаменттің жетекші орынбасарына тендер жөнінде өз пайымдауынша ойын айтты. – Иа білемін ондай жағдайдың бар екенін, жоғарыдағыларын болмағанымен төменгі орындаушыларын бір тықсырып алған дұрыс шығар, оның үстіне өткенде де бір сигнал түсіп еді, деді телефонға жармасқан орынбасар.
Екі күннен кейін, Жемқорлыққа қарсы комитеттің адамдары, облыстық құрылыс басқармасын быт- шытын шығарып тексеріп, тендер құжаттарынан көптеген өрескел кемшілік әшкереледі. Соның нәтижесімен орындаушылардың үстінен іс қозғалды, әдеттегідей жоғары жақтары, дым білмегендей басқарма басшысын ауыстырып тыныш тапты. Сөйтіп әбден қанға сіңген жүие өз ағысымен жүріп жатты.
Аяқ астынан Таймас әкімдікте кеңеске шақырылды, кеңестің күн тәртібі есірткі бизнесіне қарсы күрес жөнінде екен. Кеңестен кейін әкім орынбасары Таймаспен жақынырақ танысқысы келіп сөз бастады.
-Мен сені сырттай танитын едім де, бірақ бірінші кездесуіміз ғой, естігем інің тендерге түскісі келіп жүргенін, қысылма, көмектесеміз ғой, деді бәрінен хабардар екенін білдіріп.
-Рахмет! қажеті бола қоярма екен, інім айнып қалыпты. Жеке тұрғын үй кешенін салғысы келіп жүр. Жер телімі болмай тұр әзірше.
- Ой оның жарасы жеңіл ғой, жақында жаңа шағын ауданның жобалау жұмысы бітеді. Соған мердігерлер іздеп жатқанын естігенмін, шамасы келетін болса байқап көрсін, деп сөзін аяқтады кабинет иесі.
- Ойланып көрер, сау болыңыз, -деп жылы қоштасып Таймас шығып кетті. Айтса айтқандай көп ұзамай өткендегі әкімнің орынбасары телефон соғып, - ініңіз байқап көргісі келсе құжаттарын алып басқармаға барсын, талаптарымен танысып дегендей, келіссе жер телімін жалға алуға келісім шартқа отырар, деп мәлімдеді.
Көп ұзамай Алмас жерді жалға алып, 180 пәтерлік тұрғын үй кешенін салуға дайындық жұмыстарын бастап кетті. Күні, түні жұмыс, пәтер алушылармен келісімге отыру, қаражат жинақтау, жобалау жұмыстары, құрылыс материалдарын қарастыру қиында қызық қарбалас басталды. Бұл жерде айта кету керек, ағасы Жолдастың көп көмегі тиді, көптен көлік бизнесіндегі ол қомақты қаражатпен көмектесті және де өз экономисін жұмылдырды. Осылайша күн артынан күн өтіп, Алмас алғашқы объектісінің жұмысын бітіріп мемлекеттік комиссияға ұсынды. Алмастың тапсырған үйінің ерекшелігі жұрт құсап, тек құр қабырғаны салмай, толық құрылысы аяқталған пәтердің кілтін қолыңа беретіндігі еді. Әркім өз мүмкіндігіне қарай, қосымша қаржы беріп, құрылыс материалдарын алып, таза әрлеу жұмыстарына қатыса алатын еді. Осындай ерекшеліктерімен көзге түскен Алмастың құрылыс саласындағы бизнесі күннен күнге дами түсті. Бас аяғы үш -төрт жылдың арасында ЖК ден өз базасы бар, барлық техникалармен жабдықталған қуатты құрылыс компаниясына айналды.
Айтпақшы осы өткен уақытта Таймас бір ұл, бір қыздың әкесі болды, інілері де үйленіп, Жолдас пен Алмас үйлерін салып, бөлек шықты. Өмір осылай өз ағысымен жүріп жатты.
БІРІНШІ ӘҢГІМЕНІҢ СОҢЫ, ЖАЛҒАСЫ БАРМА, ЖОҚПА?, УАҚЫТ КӨРСЕТЕДІ...
(Әңгіме ойдан шығарылған, оқиға немесе адам аттары сәйкес келсе кездейсоқтық деп танылуы керек)
Насыреддин Қожырбайұлы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter