Өлеңдер ✍️

  31.08.2023
  51


Автор: Шөмішбай Сариев

Балдәурен

1966-1974

Жайсам деймін мол өркен,
Гүлдей арай жүрегім.
Озбау үшін көлеңкем.
Күнге қарай жүремін!
* * *
Қиял шексіз дөңгелек,
Жер ме деп те қаламын.
Арман оты мол бөлеп,
Өрмелеп те барамын.
Жүректе атып құба таң,
Бір қияны көз ілген.
Тау шыңына құлатам
Көлеңкемнің өзін мен.
Жайсам деймін мол өркен –
Гүлдей арай жүрегім.
Озбау үшін көлеңкем,
Күнге қарай жүремін...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу