Өлеңдер ✍️

  10.07.2023
  126


Автор: Серікбай Оспанов

Қуантасың, батырасың мұңға да

Қуантасың, батырасың мұңға да,


Жанарыңнан көретінім нұр ғана!


Жанымды сен жадыратқың келсе егер,


Қара қасым, күлім қағып бір қара!


 


Әрбір сөзіқ ыстық маған оттан да,


Әрбір сөзің ауыр тиер оқтан да.


Қайта тұрып кетсін десең мен егер,


Бір жылы сөз айт жүрегім тоқтарда!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу