Өлеңдер ✍️

  10.07.2023
  101


Автор: Серікбай Оспанов

Сап-сары  жапырақтар  түсіп  жатыр...

Сап-сары  жапырақтар  түсіп  жатыр,


Сап-сары  жапырақтар   сағыныш   па?


Бұтақтың бірі ілініп ұшында тұр,


Оның да енді шырқалар әні қысқа.


 


Бұтақтың  тіршілік-ай  ұшындағы


Желге де төтеп беріп жабысып тұр.


Даланы  тербетеді  құс  ырғағы,


Құстармен қалып жатыр жарысып қыр.


 


Қара бұлт қаптап апты бүгін көкті,


Бұлақтар   баяулады  шалқып  аққан.


Суық  жел   жапырақты  дірілдетті,


Жанымды  сен  сияқты   қалтыратқан.


 


Ұшырып  әлі  жетсе үйіретін,


Жер бетін дауыл соғып, жұлымдады,


Мен десе сен сияқты түйілетін,


Жадырап күн де бүгін жылынбады...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу