Өлеңдер ✍️

  07.07.2023
  34


Автор: Серікбай Оспанов

Келіп ең минут, секунд, ақ таң болып...

Келіп ең минут, секунд, ақ таң болып,


Жүруші ем өткеніңді мақтан көріп.


Тек қана көктем болып тұрар десем,


Барасың жаз, күз болып,


Ақпан болып.


 


Сөз емес, жо-жоқ, мұным мойындаған,


Әлі де жүрегім жас, ойым балаң.


Ер жігіт Еңбек атты жолдас маған,


Уақыт, менмін саған тойынбаған.


 


Тықылда сағат болып,


Сен шарылда,


Бәрібір тұрмын қазір дер шағымда.


Жиырма жеті  – жасым да, жасыным да,


Уақыт, лапылдаймын, кел сабырға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу