Эсселер ✍️

  06.07.2023
  154


Автор: Астана күні

Бүгін 6 шілде Астана күні

Астана жайында сөз бастай қалсақ жанымыз нұрланып сала береді. Өйткені, Астана еліміздің жүрегіне айналған біздің бас қаламыз еліміздің астанасы. Қазіргі таңда әлем бойынша үздік 30 қаланың тізіміне енген Астанамыз күн өткен сайын көріктеніп, жанданып келеді. Астана қаласының тарихының өзі бір ерекше. Ендеше, ерекшелігімен әрбір адамды баурап алатын Астананың тарихына көз жүгіртсек:
Алдымен 6 шілде неліктен Астана күні болып тойланып келеді, осыны біліп алсақ.
«Тарихқа көз жүгіртсек, бұл күні, яғни 6 шілде күні қалаға астана мәртебесін беруге қатысты алғашқы құжат қабылданады. 1994 жылы 6 шілдеде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Астананы Ақмола қаласына көшіру туралы» қаулы қабылдады. Елорданы Алматыдан басқа қалаға көшіру туралы шешімнің бірнеше себебі бар еді. Соның ішінде Қазақстанның оңтүстік шекарасында орналасқан Алматының өнеркәсіп орталықтарынан шалғай орналасуы ықпал етті. Ақмола облыстардың ішінде алдыңғы қатарда болды. Сонымен қатар бұрынғы астананы одан әрі кеңейту мүмкіндігі аз болды, ал Ақмоланың бұл жағынан перспективасы зор. 1997 жылы орталық мемлекеттік мекемелер Ақмолаға ресми көшірілгеннен кейін елордаға қатысты тағы бір маңызды шешім қабылданды. 1998 жылы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қалаға «Астана» деген жаңа атау беріледі» — деп жазылған тарихи мәліметтер бар.
Міне, әрбір қазақтың жүрегінің төрінен орын алып, өзіне баурап алған Астанамыз расында да қазақ елінің айнасы іспеттес. Астананы көріп бүкіл әлем қазағымның бет-бейнесін көреді. Астананы таныған шетелдіктер бас қаламыздың көріктілігіне көздері тоймай, елімізге келуге асығады, қазақ деген елдің барын сезініп, біздің елді көруге асығады. Біз Астанамызбен мақтанамыз. Астанамыз жасай берсін!
Мемлекеттің көлемінде тойланып, мемлекеттік басты мейрамдарының біріне айналған бүгінгі 6 шілде Астана күні құтты болсын, қазағым! Астанамыз жандана берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әр қазағым бақытты болып, жүздері жайнап, еліміздің дамуы жолында ынтымағы мен бірлігі жарасып қызметтерін қыла берсін! Астанам, тек қана алға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу