Өлеңдер ✍️

  04.07.2023
  142


Автор: Серікбай Оспанов

Достым...

Достым,


Сыр айтам,


Жүр,


Тыңда!


Сонау қаланың сыртында,


Білмеймін,


Ай ма,


Күн бе,


Жұлдыз ба?


Әйтеуір ғашықпын бір қызға!


 


Қыз десем қырмызы гүл ме екен,


Бақыттың бағы ғой бұл мекен?


Айтшы сен шыныңды,


Көрген түс емес пе,


Әлде бір өткінші елес пе?!


 


Достым-ау,


Түсінбей келемін,


Осы ма махаббат дегенің?


Махаббат дегенің ғажап қой,


Ауыр ғой,


Дауыл ғой,


Азап қой?!


 


Достым-ау,


Айтшы сен, жасырмай,


Махаббат сен үшін асыл ма?


Махаббат сор ма әлде бақыт па,


Алдымнан ақ таңым атып па?


 


Күніге бір қызбен жүресің,


Айтсаңшы,


Сен неге күлесің?


Махаббат дегенің бақ қандай,


Махаббат қыз ба әлде ақ маңдай?


 


Бар болса формула


Түзетем!


Махаббат бір қара қыз екен!


Ойын ғой,


Ойым ғой бұл менің,


Сен қалай ойлайсың, білмедім...


Достым,


Сыр айтам,


Жүр,


Тыңда!


Сонау қаланың сыртында,


Білмеймін,


Ай ма,


Күн бе,


Жұлдыз ба?


Әйтеуір ғашықпын бір қызға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу