Өлеңдер ✍️

  04.07.2023
  83


Автор: Серікбай Оспанов

Кейде дауыл, кейде самал соғады...

Кейде дауыл, кейде самал соғады,


Кең далада жел де әртүрлі болады.


Қисық, түзу, алыс, жақын жол да көп,


Тым өзгеше мен қалаған жол әні.


 


Адамдарда әр қилы арман болады,


Ойымдағы орындалған жоқ әлі.


Басқаларды білмеймін мен


Өзімше


Тым өзгеше арманым да жоғары!


 


Кем-кетігін толтырам деп жоғымның,


Моншақ-моншақ қара терге шомылдым.


...Биіктігі – арманыма жетпесем,


Ұзақтығы басқалардан жолымның!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу