Өлеңдер ✍️

  04.07.2023
  90


Автор: Серікбай Оспанов

Толқындар

Толқынды толқын қуалап,


Жағаға келіп жоғалды.


Жаңадан бірі туа қап,


Түйіліп қайта оралды.


 


Кемерін жардың ұрады,


Жағадан асып кете алмай.


Әнеки, тағы құлады


Мақсатына ол жете алмай.


 


Толқындар – асау арғымақ,


Тулайды шаршап-шалдықпай.


Өмір де – аққан бал бұлақ,


Келеді уақыт қалғытпай.


 


Басымда – ойдың орманы,


Теңіздерім бар, өртім бар...


Өлеңнің болды жолдары –


Кеудемді ұрған толқындар.


 


Өлеңнің оты өшпеді,


Қан тамырымда солқылдар.


Жүрегіне елдің жетсе еді


Жүректен шыққан толқындар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу