Өлеңдер ✍️

  04.07.2023
  49


Автор: Серікбай Оспанов

Алтын Күн қызықтайды дала көркін...

Алтын Күн қызықтайды дала көркін,


Тіршілік самал-демін алады еркін.


Қиқулап біздің жаққа құстар қайтса,


Лақтырар ат боп шауып бала бөркін.


 


Көктемде ашылады қыз, гүл, үміт,


Үйіңнен кетер қияс із бұрылып.


Қыстайғы терін сүртіп Жер-Ана да,


Көсіліп жатар күнге қыздырынып.


 


Оянып ұйқысынан көл де, жер де,


Қалады өрлеп ел де, өрлеп өрге.


Назына көркем көктем ынтықтырып,


Келеді сағындырып шөлдегенде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу