Өлеңдер ✍️

  04.07.2023
  134


Автор: Серікбай Оспанов

Қазақ әні

Қазақ әні!


Баға жетпес бұл асылға,


Мың алғыс ата-баба мұрасына.


Қуанышы, күлкісі, тебіренісі,


Қайғысы, қасіреті, мұңы осында!


 


Осы әнде сақталған барлығы да,


Әдеті де, салты да, салдығы да!


Қазақ әні сыпырған түн түндігін,


Аппақ етіп атырған таңды мына!


 


Қазақ әні қыран боп қалықтаған,


Талай тажал,


Қауіптен қалыпты аман.


Жүрегі боп жетіпті халқымыздың,


Ата-баба арманын алып маған.


 


Шыққан сөздер ақ иық асылдардан,


Жеткен талай ғасырға-ғасырлардан.


Тыңдай білсең,


Анадай тербететін


Сыр осында,


Осында от,


Осында арман!


 


Алыс жүрсем сағынтып, мазалады,


Кім жүрекке ондай от жаға алады.


Келе жатқан көнеден ол керуен,


Қазағымның жаны ғой – қазақ әні!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу