Өлеңдер ✍️

  04.07.2023
  66


Автор: Серікбай Оспанов

Не мұңды, не бір тәтті күйге қанбай...

Не мұңды, не бір тәтті күйге қанбай,


Іздеймін алдан тосқан күйме бардай.


Келеді алға сүйреп керемет күш –


Кейде ащы, өмір дәмі кейде балдай.


 


Баладай сәл нәрсемен алдандырып,


Барды да, жоқты да кей арман қылып,


Жаңартып, жасандырып, сан құбылып,


Қояды, өмір шіркін таң қалдырып.


 


Көз тартар қызықпасақ, қызылына,


Бірден-ақ, қойсақ бәрін біз ұғына,


Қуғанға алқынбай-ақ жете қалсақ,


Өмірдің болмас еді-ау қызығы да!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу