Өлеңдер ✍️

  12.03.2021
  1496


Автор: Сапарғали Бегалин

Наржан үшке толғанда

(Мәжиттен туған Нартай немереме арнаймын)

Үш атанды аман көріп,
Толдың үшке, Нартай жаным,
Бүгін саған бата беріп,
Ұмытты атаң қартайғанын.
Үмітпенен сені тосып,
Топтап жасап тоқсан жылды,
Үш буынның басын қосып,
Қуанды атаң көңілі тынды.
Жай қолыңды, айтсын атаң
Жүз жыл жиған ықыласын.
Бейнеті емес көрген қатаң,
Бақыты мен берсін жасын.
Әкесінің атын саған,
Ұялтпас деп тұр тапсырып,
Ақыл, қайрат аршындаған,
Болсын саған бар жақсылық.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу