Өлеңдер ✍️

  21.05.2023
  64


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Той суреті

(1802)

Өлең, жырда марапаттап жатамыз,
Бір графты даңқы менен аты аңыз.
Немересін үйлендірді, ішіп-жеп
Дуылдастық — сол ғой біздің батамыз...
Граф талай дінсіздермен күрескен,
Жорықтарда бар атақты ап түгескен,
Тірегенде бірде ат басын үйіне,
Түскен екен тірі жетім күйіне...
Тірі жан жоқ, шаңырағы шайқалған,
Иен аула арам шөп пен мүк өскен.
Үйің міне, сен аңсаған шаңырақ,
Жылдар өтіп, қалыпты өзі қаңырап.
Күңіреніп сықырлауық есіктер,
Терезеден жел үреді жамырап.
«Қайттім енді? Күзгі нәрлі түн келді?
Жә, көргенбіз, бұдан да өткен күндерді.
Ап да туды. Таңы атсайшы тезірек,
Тамызықты жиып алып көбірек.
Ошақ жағып, жазатұғын бір белді».
Мұрттай ұшып, көзі іліне берген-ді,
Сықырлатып жетті біреу еденді,
«Не іздейсіңдер иен үйден, тышқандар?
Түйір дән жоқ, жемесеңдер мені енді!»
О, тәңір-ай! Ай нұрында қалбақтап,
Шыға келді сөзшең құйттай қаңбақ шал.
Ойда жоқта шықты да аяқ астынан,
Ұйқы безді жарқанаттай жалбақтап.
Қаңбақ шалдың бойы, сенсең, бір қарыс,
Ақ сақалы құлаш-құлаш мың қарыс,
Сөз бастады: «Сен жоқта бұл сарайды
Паналадық. Ете көрме құр намыс.
Білмедік біз, келеріңді дәл бүгін,
Бүгінгі күн — қуанышты, мәнді күн.
Үрейленіп, бізді қуып шықпасаң,
Той өткізсек деген ой бар сәнді бір.
Той-томалақ у-шусыз еш өтпейді...
Әнсіз, бисіз оның сәні жетпейді...»
Деді граф, ұйқысырап жатқандай:
«Еркің білсін — тойла, ұйықта, кет, мейлі!»
Үш шабандоз атқа қамшы басты да,
Жүйткіп енді ағаш төсек астына.
Тағы сондай көрінді ұсақ пенделер —
Құдашалар, құдағи мен бас құда.
Күймелері-ай, король мінер тамаша,
Көзді арбайды салтанаты қараса.
Алтын күйме әуенінде тербеліп,
Қалыңдық пен күйеу отыр жараса.
Той басталды. Бос қалмады бірі де,
Би де қызды елтіп сырнай үніне.
Әрқайсысы ертіп бір-бір бикешті
Желбіреді ұқсап тойдың гүліне.
Бірде әндетіп, бірде ұлып, селкілдеп,
Буырқанып, былқылдасып, желкілдеп
Ышқынады, жорғалайды елпілдеп...
(Той шуынан бүріседі серіміз,
Жын-ойнақта қалай ғана ол серпілмек.)
Көзді арбаған дастарқанға қарасып,
Даурығысып, қарқылдасты таласып...
Орындықтарға ұмтылысты жарыса,
Отырмаққа сылқымымен жанасып.
Қуырдақ келді, құс еті бар, балық бар,
Шұжықтың да шұрайлысын алып қал...
Шараларда шүпілдепді ләззат,
Өлең қалды алуан тағам астында
Жан көрмедік оны ойлап қамыққан.
Ән тыңдауды жас жұбайлар қаласа.
Даурықпаңдар, шуламаңдар таласа.
Ұтылмайды болашақта кімде-кім
Аз қызықты қадірлеуге жар аса.
Хор той жырын әуелетті тағы да,
Той керуені енді келді бабына.
Көз біткеннен мерей нұры ұшады,
Үй толған көз жас жұбайлар бағына.
Баяғы бір елес еді дегенмен,
Қаз-қалпында осы тойдай көрем мен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу