Өлеңдер ✍️

  21.05.2023
  53


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Цыган әні

(1771)

Ағынды тұман, басқын қар,
Түнерген орман, түн ортасы болған кез,
Үуһілейді үкі жылал жырақта,
Ұлиды шулап қасқырлар.
Кейде: у-у-у!
Кейде: гу-гу-гу!
Уйт-уху!
Мылтығым кенет атылды:
Жады Аннаның өлді қара мысығы.
Келді ауылдың сосын жеті жадысы,
Көрдім жеті қатынды.
Сөзі: у-у-у!
Содан соң: гу-гу!
Уйт-уху!
Танимын, ішім біліп тұр:
Aннa, Урзель, Луиза мен Кэт те бар,
Варвара мен Марихен бар, Бэт те бар —
Басқышқа келіп ұлып тұр.
Кейде: у-у-у!
кейде: гу-гу-гу!
Уйт-уху!
Шақырдым атап оларды:
Не керек, Бэт? Неге келдің, Аннета?
Улап-шулап бәрі маған тап берді!
Түнекке сосын жоғалды. Алыста: у-у!
Тағы да: гу-гу! Уйт-уху!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу