Өлеңдер ✍️

  14.05.2023
  107


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Лили ерекше аң

Жер бетінде аңдар арасында
Лилидей ерекше аң болған емес!
Қандай сиқыр-арбаумен
Мұнда жабайы аңдар келіп жиылған?
Бейшара, байғұс ханзадалар
Қанаттарын сабалақтап, құйрықтарын бұлғақтатып,
Ұшып-қонып, билеуде.
Бірде қарлыға үндесіп,
Бірде мүлдем үнсіз қалып,
Кейде мүлдем махаббаттың азабында
Естерінен танып айырылған.
Мұндайда не деп сұрарсың!
Бұл перизаттың есімі Лили.
Құдайым, сенің алдыңа оны мүлдем келтірмесін.
О, айқай, саңқылдаған у-шу шығып,
Түлектер бәлеге душар болғанда,
Ол қобдишасын толтырып алып,
Оларға тағам жеткізер!
Не деген у-шу – ақыру, ырылдау!
Не деген тайталас!
Түрленіп тұр бұта ағаштар, бау-бақшалар...
Жан таласа бір топ аңдар
Оның аяғына ұмтылуда.
Көлдегі балықтар да тыпыршықтап,
Судан бастарын шығарып қарауда.
Ал, ол болса,
Сыйлы патшазаданың нұрлы
Көзімен қадала қарап,
Есі шыққан ашкөз жексұрындарға
Тағамдарды бөлшектеп бөліп таратуда.
Әп сәтте-ақ ұрыс-керіс басталып кетті!
Олар алыса кеп бір-бірін қауіп,
Азулы тістерін сықырлата,
Ауыздарын айқара ашып,
Бірін-бірі тістесіп, жұлып жатты.
Бәрі де тек қана нанға бола!
Тек қана бір ғана түйір үшін!
Бір ғана түбекше астауында қатып қалған нан үшін,
Осы бір ғана қол хош иісін
Аспан көкке көтерген!
Көз қарасы қандай дейсің, шіркіннің!
Дауысын, дыбысын айтсаңшы оның үндеген: «Цып-цып!..»
Егер де жұтынған бүркіт тағын тастап кетер болса,
Қосақталып күтіп тұрған көк кептерлердің жолы болар ма еді,
Керек десең ісіп-кеуіп, ашуда тұрған күрке тауық тауыстар да,
Мұншалықты тартымды дауысқа шауып баруға дайын еді.
Тек осы жолмен қалың түн ортасында
Жетіп келген жүні үрпиген өңкиген аю да осында.
Қандай қақпанға түсіру үшін,
Бибі бас ием тура жолға aп келген!
Бүгінде ол, турасын айтсақ, – қол бала,
Расында, тек қана белгілі жағдайда.
Махаббат небір тоған, қорғандарды бұзып жарар...
Ау, ол жерде не болып жатыр!
Мен өз қаныммен оның гүл бақшасын суаруға дайынмын.
«Қалайша?! «Мен» – деп Сіз айтасыз?
Аса құрметті мәртебелім...»
Ия, ия! Мен... Аю – бұл мен, ия менмін.
Жидеше-көйлектің соңынан ердім!
Құрыдым! Өлгенім!
Жібекше иіріп мені жіп еткен.
Қалайша мен бұл тағдырға жолыққанымды
Кейінірек баяндап берермін:
Қазірше айта алмаймын...Брр!...
Терімде – құмырсқалар жүргендей.
Өздерің ойлап қараңдаршы!
Ашуың келеді:
Айналам түгел улап-шулап, қор-қорлап, құсуда.
Көңіл-күйім жер болып –
Басым ауған жаққа қашқым келеді!
Жан айқайға басам!
Жын ұрғандай, тентек болып,
Сандалам, басым айналады, жан ұшырам!
Анда-мұнда жүріп,
Далбасалап – қайта қайтам!
Құр бостан-босқа, бекерден-бекерге
Мені өкініш жаулап алғандай ма?
Рухым да басылып, көңіл күйім де төмендеп,
Ішім күйіп барады.
Қалайша енді, күйіктен жарылмасқа?
Мен кіммін оған: қоянмын ба, әлде аюмын ба?!
Мүмкін, тиын шығармын –
Жаңғақтарды шақылдата шағатын?!
Кешірерсіздер, ана-балапандарыңды:
Күлкі болуға да жарамаспын.
Менің бет-жүзіме қарап
Осындағы әрбір ағаш күлуде!
Әрбір бұтақтары түрлерін өзгертіп
Күле қарап қалған!
Шын көңілдерімен сықылықтап – өлгенің артық дегендей –
Гүлдестелерден бастап, айналадағы жолдар
Қарап бәрі жата қарап күлгендей!
Сендерге күлкі, құл болам ба?!
Жетер! Өз абыройым бар!
Бұл жерден тұяғымды тез жалтыратайын!
Дуал қорғаннан секіріп
Өтпек болдым – бірақ та өте алмадым.
Не болған маған, сиқырлап-арбап мені тастаған ба?
Аюдың аяқтарынан бар күші мүлдем жоғалған ба?
Құрып кеткір!
Мүлдем делебем құрып, босаңсыған!
Байқаймын, еркіме мұршам келместен,
Осында өлетін шығармын.
Мен өзімді өзім танымайтындаймын!
Әлсізбін, амалсызбын, күңкілдеп-өксудемін,
Тағдыр жазған езіп қойған,
Менің өкініш-өксуімді
Кәрден – шыны мүсінді құлақтар есіткендей.
Бір кезде... Бар денеме жаңадан қан келіп құйылғандай!
Ерекше бір рахаттанып шірін-шәрбәт суы,
Буын-буындаларымды толтырып,
Жаным кіріп қалғандай.
Мен және де сүйіктімнің керемет дауысын естігендеймін:
Жаным менің жаныма келіп әсем әнін шырқауда!
Айналам түгел гүлдестелерге оранған!
Ой-хой, шіркін, оның бұлбұл дауысы
Менің құлағыма балдай жағып естілуде!
Жүріп келем!
Алдымда көп кедергілер, бұтақтар.
Мен – ес-түсімнен айырылып –
Гүлдерден асып, даланы кезіп, ұшып келем!
Бірде құлап, бірде аунап –
Тұп-тура аяғының астына құлап түстім, ессіз басым.
Ол болса сықылықтап кеп, күле қарап:
«Міне, қызық! Айтшы, қайдан ұшып-қонып, жетіп келдің?
Ашу-ызаң аю секілді, дегенмен де бұйра жүндес итке ұқсайсың!»
Сөйтті де, аяқтарымен – түсініксіз,
Түс көргендей ерекше бір ертегі сезімдер! –
Менің жүн-жүн арқамнан сипауда.
Қандай рахат десеңші, арқамнан ерекше сипағаны!
Аю үшін: ол – жұмақта болғандай сәт.
Оның аяқ киімің сүйіп, табанын жалаумен.
Ол болса аюдың бар қасиет-қадірін
Сақтағандай ишаратын жасауда.
Әлсін-әлсін оның түзесіне денесімен тигендей болады –
Мұндай сәт қаншама армандасаң да келе бермес!
Ол мені еркелете еріте сипап қойып,
Кейде сабап та ұрып алады.
Ал, мен болсам екі езуім құлағыма жеткендей,
Анамнан жаңа туған сәбидей, қуанышты күйге еніп,
Жүрегім жарылып, дауыстап кеп өкіріп,
Ерекше бір рахатқа батқандаймын...
Кенеттен жарасымды қималымен қанатын жая:
«Кәне, кәне, тәртіпті бала болғын!
Қолыңды бергін! Сері жігіттерге тән қасиетпен
Басыңды иіп, сәлем бергін!»
Міне, өстіп итше күн көреді,
Небір тентектігін, ойына келгенін істеген істеріне
Амалсыздан бәріне де көнген, мына байғұс,
Бейшара ақымағың.
Егер де оның көңіл-күйіне сәл де болса,
Жақпай қалғандай болса –
Бітті, ой, бейшара байғұс таяқ астында қалды дей бер!
Не десеңіз де, оның бір таптырмас емі,
Бал дәрісі бар...
Оқтын-оқтын, менің көз жасымды тиып,
Ол осы бір көк түсті затты,
Саусағының ұшына жағып алып,
Ес-түсінен айырылып,
Мең-зең болған жанның құрғап,
Кеуіп қалған ерініне тигізіп қаша жөнелсе болғаны,
Мен өзімнен-өзім, жалғыздан жалғыз қалып,
Басымды тасқа да, жарға да ұрып, жынданам.
Жарайсың! Бұдан өзгеше ақымақтық та болмас мүлдем
Байлаулы шынжыр бұғаудан босанып,
Қайтадан шынжырға бұғаусыз байланғандай күй кешіп
Ес-түсімнен, ақылымнан мүлдем айырылам.
Оның артынан амалсыз еріп,
Қорқынышты күйге еніп діріл қағам,
Өз еркіммен келіп еріксіз ғұмыр кешем.
Ал, оған болса, менің күйіп пісіп жанғаным,
Түкке де тұрмас болар?!
Бар жан-тәнімен берілген құлдың болмасына,
Оның әбден көзі жеткен.
Кейде, шын жүрегімен рахаттана, ләззат алып,
Менің қоршауда қалған есігімді ашып та қояды.
«Сен неге осы, достым, қашып кетпей тұрсың?
Қашқын енді!»
Ал, мен болсам ше?...
О құдайым, қолыңызда ма екен билеп-төстеу,
Мұншалықты арбау-сиқырынан мүлдем босап құтылу.
Ондай мүмкіндік болса егер,
Мен сізге мәңгілік қарыздар болар едім...
Мен Сізден көмекті күте де алмаймын,
Ондай болса... онда...
О, білесіз бе, құдайым! –
Мен өзіме өзім көмектесе де аламын!

1775




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу