02.05.2023
  155


Автор: Жеңіс күні

Жеңіс күні Ұлы күн

Жеңіс күні  Ұлы күн құтты болсын,
Таң арайын сыйлаған мына бізге.
Ардагерлер ардақты батыл жүрек,
Мың алғысты айтамыз біздер сізге.

Енді соғыс болмасын,  уайым-қайғы,
Бейбіт күндер жалғанып,  қуаныштар.
Амандықта болшы елім жүзің жайнап,
Сәттілікпен тербейтін күнің құптар.

Жанымызды ауыртып жаралайтын,
Соғысты күн болмасын енді мүлдем.
Ынтымақта,  бірлікте жан тербейтін,
Шаттықты күн жалғансын бірге жүрген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу