14.04.2023
  52


Автор: 365 күн

29 мамырда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін Дүниежүзілік дұрыс ас қорыту күні аталып өтеді. Дұрыс ас қорыту – ағзамыздың барлық жүйесі мен мүшесінің дұрыс қызмет етуінің негізі. Асқазан адамның иммундық жүйесіне кіреді, оның жұмысы адамның өзін-өзі қалай сезінуі мен денсаулығына әсер етеді. Қазірде көптеген адам ас қорытуда белгілі бір қиындықтарды сезінеді, оған нашар экология, салауатты емес өмір салты, дұрыс тамақтанбау себепші. Дұрыс ас қорыту күнін атап өтуге Дүниежүзілік гастроэнтерологтар қауымдастығы бастамашы болды.

Сонымен қатар, бүгін – Халықаралық БҰҰ бітімгерлерінің күні. Бұл мереке қақтығысушы тараптарды бітімге келтіру, халықтың ауыр жағдайын жеңілдетуге бағытталған БҰҰ шараларына назар аударуға арналған. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі бейбітшілікті сақтау бойынша алғашқы миссиясын 1948 жылы бекітті. Содан бері БҰҰ бітімгерлік қызметі қатты өзгерді. Бұрын жеңіл-желпі қаруланған бітімгер сарбаздар қарулы қақтығысты тоқтату сызығы бойымен елдер арасында жаяу патруль жүргізсе, қазір БҰҰ бітімгерлік операциялары күрделі сипатқа ие. Олар қақтығыстардан кейін әбден құлдыраған елдерді қалпына келтіруге бағытталған шараларды да қамтиды.

Бүгін – Әскери автомобилист күні. Санкт-Петербургте 1910 жылы алғашқы оқу автомобильдік ротасы құрылды. Содан бері РФ Қарулы күштері жыл сайын 29 мамырда РФ қорғыс министрінің 2000 жылғы бұйрығымен бекітілген әскери автомобилист күнін атап өтеді. Бұл кәсіби мейрамды РФ Автомобиль әскерінің қызметкерлері ғана емес, басқа салада көлік жүргізетін әскерилер де тойлайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу