14.04.2023
  75


Автор: 365 күн

24 мамырда әлемде және қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1844 жылы Сэмюэл Морзе телеграфынан Вашингтоннан Балтиморға әлемдегі алғаш рет телеграмма жіберілді;  

1956 жылы Швейцарияның Лугано қаласында тұңғыш "Евровидение" байқауы өтті;

1969 жылы The Beatles тобының Get Back әні бес апта бойы америкалық әндер шеруінде бірінші болды;

1995 жылы Мел Гибсон басты рөл сомдаған "Батыл жүрек" АҚШ экрандарына шықты.

24 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1995 жылы ҚР мемлекеттік шекарасын қорғау жөніндегі мемлекеттік комитет құру туралы жарлық жарияланды;

1996 жылы Қазақстанның ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы құрылды;

2006 жылы мамырдың 24-нен 25-н қараған түні қазақстандық мұнайдың алғашқы партиясы Қазақстан-Қытай мұнай құбыры арқылы қытайлық шекара бекетіне жетті. Мұнай Шынжаңның Душаньцзы қаласындағы мұнай өңдеу зауытына жеткізілді. Бұл - Қазақстан-Қытай мұнай құбырының ресми пайдалануға берілуінің бастамасы болды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу