08.04.2023
  154


Автор: Дұға оқу

ДҰҒАНЫҢ КЕРІ ҚАЙТАРЫЛМАЙТЫН ЖЕР МЕН УАҚЫТТАРЫ

✔✔Қағбада және Мәдинедегі ән-Нәуаби мешітіндегі дұғалар;


✔✔Таңертеңгі уақытта, яғни күн шыққанда;


✔✔Парыз намазының соңында; ✔✔Әділ патшаның дұғасы; ✔✔Зәм-зәм суын ішкен уақытта;


✔✔Ата-ананың баласы үшін жасаған дұғасы;


✔✔Түннің үштен бірінде. Яғни, Тәһаджуд намазы уақытында;


✔✔Жел тұрған уақытта;


✔✔Жаңбыр жауып тұрғанда тілеген тілектер қабыл;.


✔✔Арафатта және осы күні; ✔✔Ражаб айының алғашқы түнінде; ✔✔Жұма күні. Жұма намазы кезінде; ✔✔Құран-Хатым етілген кезде;


 


✔✔Ешкім жоқ жердегі дұғалар; ✔✔Алладан қорыққаннан бүтін жан


дүниесі тітіреніп, көзінен жас аққан кезде оқылған дұға кері қайтарылмайды;


✔✔Мешіттерде оқылған дұғалар; ✔✔Шәкірттердің дұғалары; ✔✔Жолаушының дұғасы; ✔✔Келген қонақтың дұғасы;


✔✔Біреуден азар көрген кісінің дұғасы; ✔✔Қайыршының жасаған дұғасы; ✔✔Жалпы намаз оқып жатқанда; ✔✔Жасы үлкен қариялардың дұғасы; ✔✔Көп балалы аналардың дұғасы; ✔✔Ғалымның дұғасы;


✔✔Әрдайым аузынан жақсы сөз шыққан адамның дұғасы;


✔✔Диқаншының тілегі; ✔✔Сабырлы кісінің дұғасы;


✔✔Қайырымды кісінің дұғасы, яғни әр кезде жоқ-жетімдерге көмектесіп жүрген кісілердің тілегі;


 


✔✔Иман-молдалардың дұғасы; ✔✔Ай мен Күн тұтылғанда; ✔✔Отан қорғап өткен жауынгердің


дұғасы;


✔✔Айт мерекесі күндері;


✔✔Неке қиылып жатқан уақыттағы дұғалар;


✔✔Қарызданып қалған кісі жасаған дұғалары;


✔✔Жегені, кигені, ішкені адалдан болған кісінің дұғасы;


✔✔Науқас кісінің жасаған дұғасы; ✔✔Қажылықтан келген уақыттағы


жасаған тілектер;


✔✔Аяғы ауыр (жүкті) әйелдердің жасаған тілектері;


✔✔Сәждеге бас қойған кезде;


✔✔Азан шақырып жатқан уақытта; ✔✔Рамазан айында және Қадір


кешіндегі дұғалар;


✔✔Әрдайым бес уақыт намаз оқып жүрген кісінің дұғасы;


 


✔✔Ауыз ашар уақытта және сәресі уақытында жасаған дұғалар;


✔✔Құрбандық айтта өзгеде уақыттарда мал шалу кезінде т.б. орындарда дұға-тілектер қабыл болады. Иншалла!


Алла Тағала шын ниетпен жасаған дұға-тілектерімізді қабыл етіп әрдайым үйімізде қуаныш-шаттық, бақ-дәулет, мол ырзық, елдің тыныштығын нәсіп етсін! Әмин!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу