08.04.2023
  108


Автор: Дұға оқу

ҚАРЫЗДАН ҚҰТЫЛУ ҮШІН ОҚЫЛАТЫН ДҰҒА

Али (одан Алла разы болсын) былай деген: “Бірде Әлиге (одан Алла разы болсын) қожайынымен өз-өзін өтеп алу келісімін жасасқан қызметші келіп: “Мен келісімде көрсетілген шарттарды орындай алмаймын. Маған көмектес”,-деп өтінгенде, Әли (одан Алла разы болсын): “Мен саған Расулуллаһ (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) маған үйреткен тілекті үйретейін бе? Сен: “Я, Алла Тағала! Мені халалың арқылы харамнан және жарылқауыңмен Өзіңнен басқаға мұқтаж болуымнан құтқара гөр!”,-деп айт. Осылай тілесең, қарызың таудай болса да, Алла Тағала оны өтеп береді”,-деді” (Имам Термизи).

“Аллаһуммәк фини бихаләликә ъан хәрамикә уә әънини би фәдликә ъаммән сиуәк”. Мағынасы: Ей, Алла! Мені харам еткен нәрселеріңнен сақтап, адал еткен нәрселеріңе қанағаттандыр. Әрі Өз кеңшілігіңмен мені Өзіңнен басқаларға мұқтаж етпе.

“Аллаһуммә инни әъузу бикә минәл һәмми уәл- хазәни, уәл-ъажзи уәл-кәсәли, уәл-бухли уәл-жубни, уә даләъиддәйни уә ғаләбәтир-рижәл”. Мағынасы: Ей, Алла! Расында мен Саған уайым-қайғыдан, әлсіздік пен жалқаулықтан, сараңдық пен қорқақтықтан, қарызға бату мен адамдардың басымшылығынан Өзіңе сыйынамын.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу