06.04.2023
  119


Автор: Дұға оқу

ҰЙЫҚТАР АЛДЫНДА АЙТЫЛАТЫН ДҰҒАЛАР

Екі алақанын біріктіре жайып көкірек тұсына әкеледі де, алақандарына дем салып, кейін Ықылас, Фәләқ, Нас сүрелерін оқиды. (Бұл сүрелердің оқылуын жоғарыдағы беттерден қараңыз).
Кейін алақандарымен мүмкіндігінше денесін толық сипайды.
Әдетте басы, жүзі, сондай-ақ, денесінің алдыңғы жағынан бастайды (Осылай үш рет жасалады).
Кейін Аятүл-Күрсиді оқиды (Бұл аят та жоғарыдағы беттерде бар).
Одан соң Бақара сүресінің соңғы екі аятын оқиды:


 


“Әъузу билләһи минәшшәйтанир ражим. Әмәнәр-расулу
бимә унзилә иләйһи мир-раббиһи уәл-му›минун. Куллун әмәнә билләһи уә мәлә икәтиһи уә кутубиһи уә русулиһи, лә нуфәрриқу бәйнә әхәдиммир- русулиһи. Уә қалу сәмиънә уә әтаънә ғуфранәкә раббәнә уә иләйкәл-мәсыйр. Лә юкәллифуллаһу нәфсән иллә усъаһә. Ләһә мә  кәсәбәт уә ъаләйһә мәктәсәбәт. Раббәнә лә ту әхизнә ин нәсинә әу ахта›нә .
Раббәнә уә лә тәхмил ъаләйнә исран кәмә хамәл-тәһу ъаләл –ләзинә мин қаблинә. Раббәнә уә лә тухаммилнә мә лә тақатә ләнә биһи уәъфу ъаннә уәғфир ләнә уәрхамнә. Әнтә мәуләнә фәнсурнә ъаләл-қаумил-кәфирин”.
Мағынасы: Қуылған шайтаннан Аллаға сыйынамын.


Мағынасы:
Пайғамбар өзіне Раббы тарапынан түсірілгенге иман келтірді. Мүміндер де барлығы Аллаға, періштелерге, кітаптарға және пайғамбарларға иман келтіреді. Елшілердің араларын айырмаймыз, есіттік те бой ұсындық.
Раббымыз! Сенен жарылқау тілейміз, қайтып барар жеріміз де Сенің алдың”- деді. 286. Алла кісіге шамасы келетін міндетті ғана жүктейді, істеген жақсылығы өз пайдасына, жамандығы өз зиянына. “Раббымыз! Егер ұмытсақ не жаңылсақ бізді жазаламайсың.
Раббымыз! Бізге бізден бұрынғыларға жүктегеніңдей ауыр жүк жүктеме.
Раббымыз! Бізге шамамыз келмейтінді артпа. Бізді кешір, бізді жарылқа, бізді рахымына бөлей гөр! Сен біздің Иемізсің! Бізге кәпір қауымына қарсы жәрдем бер”.
 “Аллаһуммә қини ъазәбәкә йәумә тәбъасу ъибәдәк”. (3 рет).
Мағынасы: Ей, Алла! Мені пенделеріңді қайта тірілтетін күндегі азабыңнан сақтай гөр!

“Бисмикәл-лаһуммә әмуту уә ах-йа”.
Мағынасы: Ей, Алла! Сенің есіміңмен өліп (ұйықтап), Сенің есіміңмен  тірілемін (оянамын).

“Субхәнал-лаһ»ты (33 рет),
«Әлхамду лилләһ» ні (33 рет),
«Аллаһу әкбәр»- ды 34 рет айту.
Мағынасы: Алла кемшілік атаулыдан пәк, Барлық мақтау-мадақтар Аллаға лайық, Алла ұлы. (Кімде-кім осыны ұйықтар алдында айтса, ол оған бір қызметшіден де қайырлы болады (Имам Бұхари).
” َِّӘлхамду-лил-ләһил ләзи ат-ъаманә уә сәқанә уә кәфәнә уә әуәнә, фәкәммиммән лә кәфия ләһу уә лә му›уия”.
Мағынасы: Бізді қоректендіріп, сусындандырған, сондай-ақ, бізге кепіл болып әрі бізге баспана берген Аллаға  үкір. Өйткені кепіл етушісі мен баспана берушісі жоқтар қаншама.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу