03.04.2023
  234


Автор: Серікбай Оспанов

Əкеммен əңгіме

– Өмірде, əке, кім мықты?
– Айтқан адам шындықты!
– Өмірде, əке, кім əлсіз?
– Надан,
Жалқау
Шыдамсыз!
– Қасиет не адамдық?
– Ізет,
Мейірім,
Адалдық!
– Өмірде не ең жаман?
– Сақтай алмау елді аман!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу