Баталар ✍️

  03.04.2023
  209


Автор: Серікбай Оспанов

Бата

Дауыл тұрып
Атаның
Жұлқылады шапанын.
Ұстап еді етегін,
Кетті ұшырып қалпағын.
Жер екен бір батпақты,
Күз.
Су əлі қатпапты.
Лай суға түсірмей
Қуып жеттім қалпақты.
Алып келдім атаға,
Ол қолын сап арқама,
Айтты маған алғысын,
Берді сосын бата да:
«Айналайын, таудай бол,
Піскен бақша-баудай бол.
Атқан аппақ таңдай бол,
Ел-жұртыңа маңдай бол!»
Ұмытқам жоқ мұны əлі,
Бата- мейірім бұлағы!
Кім-кімге де жақсылық
Жасағым кеп тұрады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу