01.04.2023
  70


Автор: 365 күн

24 сәуірде қандай айтулы оқиға болды

Бүгін әлемде Халықаралық жастар ынтымақтастығы күні аталып өтеді. Алғаш рет мейрам 1957 жылы тойланған. Бұрын мереке кеңінен аталып, бұл күні жастар съездері, концерттер және басқа іс-шаралар ұйымдастырылды. Басты мақсат – жастардың құқықтары үшін күресте күш біріктіріп, өз мәселелерін шешу үшін жас буынның басын қосу. Мереке бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың және бүкіл қоғамның назарын жастардың мәселелеріне аударуды көздейді.

Сонымен қатар бүгін - Бүкіләлемдік зертханалық жануарларды қорғау күні. Мерекені 1979 жылы ИнтерНИЧ – жануарларға эксперимент жүргізуге қарсы күрес халықаралық қауымдастығы бекітті. Кейін бұл бастаманы БҰҰ қолдады. Жануарларға зертханалық тәжірибе жүргізуге қарсы қозғалыс бүгінде әлемнің түкпір-түпірінде белсенді түрде дамып жатыр.

Қазіргі уақытта зертханалық жануарлар дәрі-дәрмек, тамақ қоспасы, тұрмыстық химия мен косметикалық заттар, темекіні сынақтан өткізген кезде және ағзада аурудың қалай жүретінін бақылау үшін пайдаланылады. Мұндай зерттеулердің негізгі тапсырыс берушілері – ірі косметикалық және фармацевтикалық корпорациялар. Көбінесе маймылдар, иттер, тышқандар мен қояндарға тәжірибе жасалады. Жүздеген, тіпті мыңдаған жануар жылына зертханаларда өліп жатыр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу