29.03.2023
  124


Автор: 365 күн

1 сәуірде қандай қызықты оқиға болды

1 сәуір – Күлкі күні. Бұл күннің тарихы 16 ғасырдың екінші жартыжылдығынан бастау алады. Сол кезден бері Еуропа жаңа жылды 25 наурыз – 1 сәуір күндері емес, қыс мезгілінде атап өтетін болды. Ал бұрыннан қалыптасқан дәстүрді сақтап, жаңа жылды 1 сәуірде тойлайтын адамдар жұрттың күлкісіне қалатын. Сол кезден бастап сәуірдің бірінде Күлкі күні аталып өтеді. Бірнеше ғасырдан кейін мерекенің пайда болу себебі ұмытылды. Алайда бұл күні ресми түрде қалжыңдау дәстүрі жалғасты. Әлі күнге дейін осы дәстүр сақталып келеді.  

Сондай-ақ, бүгін әлем Халықаралық құстар күнін тойлайды. Оның мақсаты – құстар саны мен саналуандығын сақтап қалу. Мереке 1894 жылы АҚШ-та пайда болды. Кейін бұқаралық ақпарат құралдарының арқасында барлық штаттар мен Еуропаға тарады. Қазір ЮНЕСКО-ның "Адам және биосфера " атты биологиялық бағдарламасының аясында  аталып өтеді. Бұл күні құстардың барлық түрін қорғау, құстарды көбейту қорықтарын құру және экологиялық білім беру мәселелері көтеріледі. Қазіргі ТМД елдерінде бұл күн 1927 жылы алғаш рет тойланды деп саналады.

1 сәуірде Коньяк күні де аталып өтеді. Бұл – күлкі күнінің әзілі емес. Расында да, осындай мерекені тойлау дәстүрі қалыптасқан. Бұл ішімдікті дайындау әдісі де ерекше. Коньяк спирті мен жүзім шарабы қосылады. Қыс келгенше сұйықтық біраз ашыңқырап үлгереді. Алайда көктем келгенде қайдан ашып кетуі мүмкін. Бұл оның сапасын төмендетеді. Мұндайды болдырмау үшін коньяк жасауға сақталған шараптың бәрі сәуірдің біріне дейін бөшкелерге құйылуы тиіс. Мұны ұлттық комитет жіті қадағалайды. Жұмыс аяқталған соң, мереке тойланады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу