24.03.2023
  79


Автор: 365 күн

30 наурызда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1878 жылы Қазақстан фаунасын зерттеуші, биология ғылымының докторы, ғалым Даниил Кашкаров дүниеге келді;

1908 жылы биология ғылымының докторы, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Игорь Долгушин дүниеге келді;

1926 жылы Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген құрылысшысы Мұстахым Ықсанов дүниеге келді;

1940 жылы заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ гуманитарлық заң университетінің басқарма төрағасы, Қазақстанның құрметті судьясы Мақсұт Нәрікбаев өмірге келді;

1951 жылы тәуелсіз Қазақстанның алғашқы премьер-министрі, "Бал-ара" Қазақстан ұлттық омарташылары одағының президенті Сергей Терещенко дүиеге келді;

1960 жылы Астана қаласын салуға үлес қосқан сәулетші, "Астана бас жоспары" ғылыми-зерттеу жобалау институтының директоры Сәрсембек Жүнісов дүниеге келді;

1970 жылы Қазақстанның қоршаған орта және су ресурстары министрі, "Қазатомпром" акционерлік қоғамының экс-президенті Нұрлан Қаппаров дүниеге келді;

1979 жылы еркін күрестен Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Афины Олимпиадасының күміс жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Геннадий Лалиев дүниеге келді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу