16.03.2023
  644


Автор: Әсерлі әңгімелер

Өгей анам салған із - 1 бөлім

Өмір кейде бір тым қатал болып кететін секілді. Бұл әңгіменің кейіпкеріне өмірдің қатігез болғаны соншама әңгімені жазуға батылым жетпей қаншама уақыт жүрдім. Өмірдің дауылды соққысына мойымай бақытқа жету жолында қаншама азапқа төзгенін естігенде жүрегім сыздап қоя берді.« Біреуді көріп пікір етесің, біреуді көріп шүкір етесің»-деген сөз осыдан қалса керекті. Бұл бейбақ қыздың тағдырын естіп өз күніме мың алғыс айтып көз жасымды бір сығып алдым. Мақсат қазіргі таңда Алматы қаласының тұрғыны. Отбасында екі ұл болса кенжесі осы Мақсат. Әке-шешесі өз қолдарымен тұрғызған баспанасын тастап кетуге қимай өз еліне оралудан бас тартты. Ал Мақсат болса өз еліне қоныс аударуға бел байлады. Мақсат жалғыз өзі келіншегі Айнұр екеуі өз еліне оралып Алматы қаласына қоныстанды. Өте еңбекқор тыным таппайтын бұл жас жұбайлар үй алу үшін аянбай еңбек етті. Сол кезде елбасымыз оралман қандастарымызға квота беретін. Алайда сол арзымас ақшаны қалтаға басып алған алаяқтардың кесірінен қаншама елін, жерін аңсап оралған жандар үй-күйсіз далада қаңғып жүрді. Мақсат пен Айнұрда алданғандардың бірі еді. Тапқан табыстары ішіп-жеу, киім-кешек, пәтердің ақысынан артылмайды. Бір емес бірнеше жерде жұмыс істеп үй алу үшін еш аябады. Тіпті бір пәтерде тұрса да, бір-бірін көрмейтін кездері де болушы еді. Өйткені Мақсат түнгі ауысым да жұмыс істейтін. Алып шаһар Алматыда еш бір таныс, туысы жоқ болғандықтан қыдырып барар, көңіл сергітер еш бір жері жоқ. Екеуіде жұмыстан бас көтере алмайды. Солай күндер өте берді.
Бәлкім айтсам өтірік дерсіз, алайда Айнұр бейресми түрде жүктілігінің тоғызыншы айына дейін тынбай жұмыс істеді. Іші кішкентай болған соң босанар уақытының жақындағанын ешкім аңғарған жоқ. Соған қарамастан еш бір қиындықсыз сүп-сүйкімді қызды дүниеге алып келді. Есімін әкесі таңдап Шырайлым деп қойды. Өзбекстаннан енесі келіп бірнеше күн қарайласып кетті. Декреттік ақшасы, баласының жәрдемақысы, осы күнге дейін жиған-тергенінің бәрін жинап бір бөлмелі пәтерді сатып алды. Бұл әлемде олардан асқан бақытты жан жоқ секілді еді. Алайда не себеп болғаны белгісіз Шырайлым екі айлық болған сәтте жұбайлардың арасында қатты жанжал болды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу