09.02.2023
  279


Автор: 8 наурыз

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні

Ия,  8-ші наурыз Халықаралық әйелдер күні,  осы күні әрбір нәзік жанды, аяулы аналарымыз,  ардақты әжелер,  әпке-сіңілілер мен  құрбылар бірін-бірі мерекемен құттықтайды.  Ал отбасындағы ер адамдар болса  жанына жақын жандарын  шын жүректен  құттықтап,  арнайы сыйларын беріп жатады. Тарих беттеріндегі аңыздарға қарасақ бұл мейрамның дәл осы күні аталып,  8-ші наурыз «Халықаралық  әйелдер»  күні болып тойланып келе жатқанына да бір ғасырдан аса уақыт өтіпті деген болжамдар бар.  Яғни,  бұл мерекені 8-ші наурыз күні әлем бойынша атап өтеді десек қате айтқанымыз емес.  Дей тұрғанмен бұл мерекені атап өту әркімнің өз еркінде екені сөзсіз.  Менің  айтпағым бұл мерекенің тек қана қазақ жерінде ғана аталып өтпейтіні жайында,  мерекенің атауының өзі айқындап тұрғандай,  бұл күн «Халықаралық әйелдер»  күні.  Әйелдердің өз құқықтарын қорғау мақсатында,  өз еңбектерін талап ету барысында пайда болған бұл мереке қазіргі таңда атаулы күндердің бірі болып табылатын әйелдер үшін үлкен мейрам. 
     Қазақ елі үшін бұл мереке Республика көлемінде аталып өтіледі.  Яғни,  әрбір Қазақстандықтар өз аналары мен әжелерін,  әпке-сіңілі,  қарындастарын,  құрбыларын осы мерекемен жыл сайын құттықтап,  арнайы сый-сияпатын ұсынып жатады.  Бұл үрдіс жыл өткен сайын қанатын кеңге жайып,  8 наурыз күні түрлі іс-шаралар өткізіліп,  аналар үшін,  нәзік жанды ару қыздар үшін түрлі концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып отыр.  Расында да бұл мереке біздер үшін ерекше қасиетке ие.  Аналарымыз бен жанымызға жақын жандарды мерекемен құттықтап, алғысымызды білдіруге өзгермейтін қолайлы күн екені сөзсіз. 
      Аяулы да  мейірімді,  ақ жаулықты аналар,  жүрегі кең,  ардақты әжелер,  жанашыр жан әпкелер мен сіңілілер,  сырласатын,  мұңдасатын құрбылар,  гүл жайнаған ұстаз апайлар!  Сіздерді көктемнің алғашқы мейрамы 8-ші наурыз «Халықаралық әйелдер»  күнімен шын жүректен құттықтаймын!  Әрбір көктем нұрын шашып,  жақсылығымен келе берсін!  Армандарыңыз бен мақсаттарыңыз орындалып,  амандықта гүл жайнап ортамызда жүре беріңіздер! 

    «Ғажайып Қазақстан —2050» журналының және «Ғажайып Қазақстан»  газетінің бас редакторы Жібек Искакова,  Түркістан қаласы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу