Өлеңдер ✍️

  13.01.2023
  104


Автор: Есбол Бозан

ҚОНАҚ

Бұл өмір көктегі найзағайдай,
Төбеңнен жалт етіп өте шығар.
Мындағы сынақты ауыр десең,
Ана өмірде азаптың көкесі бар.
Алланың дініне ергеннен соң,
Ақыретте жеңіске жетуің хақ.
Өмірге қонақ боп келгеннен соң,
Сол өмірден түбінде кетуің хақ!
Адамдар да қатайып тас болады,
Жүректері қарайып бүлінген соң.
Күні ертең емтихан басталады,
Өле салып қабірге көмілген соң.
Адамдар алдайды өзін бекер,
Алла сөзі адамға ем десем де.
Өлген соң шындыққа көзің жетер,
Тірің де Аллаға сенбесең де…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу