Өлеңдер ✍️

  03.01.2023
  84


Автор: Қанипа Бұғыбаева

Лауреат емеспін!..

Лауреат емеспін, қолымда жоқ билігім,
Бізге ондай қоңыраулы қуанышты қиды кім?
Өзге тұрмақ, өзімді билей алмай кеткенде
Елжіреп бір анамдай маңдайымнан сүйді күн.
Үміт сезім алдаған, тал түстегі сағымдай,
Жанарымды жаулаған, сиқырлы сөз лағылдай.
Билік құрып мен кімді бағындырам, расында
Өз жүрегім өзіме соқса, тулап бағынбай...
Көңілімді ауырған тазалықпен емдедім,
Өмірімде өлшеусіз мейірімге шөлдедім.
Тұманымен даңқтың, тұмшаланбай көз алдым
Басымдағы осынау еркін өмір сенгенім.
Лауреат емеспін, есімі елге ұнаған,
Ондай дерттен әліде бойым таза, дін аман.
Үкімімен уақыттың шыбын жаны шырқырап
Шың басынан бастар бар шыңырауға құлаған.
Ондай дерттен мен аман, аспандағы күн аман!...


18/III-1990 ж




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу