Өлеңдер ✍️

  03.01.2023
  188


Автор: Қанипа Бұғыбаева

Қолсыз суретшіге

Ақ - қағазға ашщы жасы
тамып бір,
Бұлқынысты, бойын буып шабыт,
жыр.
Екі қолсыз, жүрегі сау жас бала,
Қыл қаламды тістеп сурет салып
тұр...
Жер бетінде нешетүрлі батыр көп,
(Батырлықты танып білсең, жақын
кеп.)
Ашу - ыза, кек кернеген кеудеден
Жарылардай жас жүрегі «атом-» боп.
Бесіктегі кәріп емес, Кәріпбек,
Жарық - дүние, бояуына жарық
төк.
Жан - жүрегің жанып салған
суретің
Өлмейтұғын өмірді тұр дәріптеп.
Көңіліңе маза бермей сан - сұрақ,
Қиялыңды қияға атты, қамшылап.
Бұзды қанша.. бояуыңның реңін,
Ақ - қағазға көзің жасы –
тамшылап.
Жазықсыз жас, жазықтыны
жыр еттің,
Адамзатқа тыныш-бейбіт тілеп күн.
Қарау мүмкін емес, бей - жай,
тебіренбей
Тебіренген суретіне жүректің.
Серпіліп сәт, басыңнан тас, түнек түн,
Отаныңының ортақ мұңын жыр еттің.
Саусақсыз - ақ, салған сурет сөйлеп тұр,
Сәулесі мол дүрсілімен жүректің.
Көкірегін тербетеді ой бөлеп,
Ойлар - ойлар мазалайды кейде
көп.
Ақ-арманы, ақ қағаздай аспанға
Қасіретін адамның тұр бейнелеп.
Жан жүректі толқытады жан - жырың,
Қалғығанды оятқандай таңғы үнің.
Еркелетпей ерте сені есейткен
Бесіктегің болар, қиын тағдырың.
Бейнелеген қасіретін заманның,
Құдіретті ұшымен қыл қаламның.
Өнер тілі паш етіп тұр әлемге,
Кешірілмес зұлымдығын адамның.
Ақ - қараны, қарап білген байыптап,
(Туған деме, маңдайынан тайып бақ)
Қолсыз салған суретімен, тұрғандай,
Мынау көзсіз дүниені айыптап!...
26/III-1991ж




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу