Өлеңдер ✍️

  03.01.2023
  128


Автор: Қанипа Бұғыбаева

Ескерткіш

(Сәкен, Ілияс, Бейімбеттің –
сүйектері табылғанда туған ой.)
Көптен бабам. мен сенің –
мазаңды алғам,
Мазаңды алған, күнәдан тазарған –
жан.
Қатарыңа алсаңдар... боп
көрінер,
Жер бетінде біреуге ажал да –
арман.!
Құтыла алмай ажалдан төніп келген,
Елім қалай ессізге, ерік берген.
Жер қойнынан бабалар оралғандай,
Темір етік кешегі теуіп көмген.
Боп көрінер «ойсызға» әр таң бақыт,
Қолдарыма көрмеген арқан батып.
Елу төрт жыл өткенде, сүйегіңді,
Туып берді, өмірге жер толғатып.
Уақыт куә, кім туып, кімдер өлген,
Жатыр бүгін бөленіп гүлге кеудең.
Құсқа айналып жандарың
ал, тәндерің
Тәуелсіздік алғандай түрме жерден...
Түсінгенім, тағдырдан мынау
екен,
Өткенімді өткелден сұрап өтем.
Ол дүниеге мәңгілік барардағы,
Бұл дүние «біздерге сынақ» екен...
Тау түнерер, зардапты толғақ
көрген,
Жауыздарды кім кешпек қорлап
көмген.
Қыран жаның күнімді қорғап
менің,
«Ұрандарың» тілімді қорғап
келген!
Есімдерің жұлдызбен өрнектелген,
Кім кешірер «зұлымды» тергеп
көмген?
Бала етіп жазықсыз баба –
жанын
Далам екен бесік боп тербеп
келген...
Бәрін бәрін көтерген батыр далам,
Ел басына төнсе де ақырзаман.
Өмір түгіл өлмейтін мәңгілікпен,
Тағдырларың туысып жатыр –
бабам!
Тіл қатқандай жұлдызға ояу –
кеудең,
«Топырағың» бөлінбей аяулы
елден.
«Ояншы» - деп түсімде айқай салып
Бәлкім, сендер боларсың аян берген.
Туыстырған тоғысып төзім, арман,
Мұр болып соңғыға сөзі қалған.
Бабаларым сендерге ескерткішті,
Табиғаттың соққандай өзі қолдан...
Кең даламды кезіп жүр бұл күні
елес,
Көлеңкесін түсірмес, күлкіме
кеш.
Рухы тірі мәңгілік өлместерді
Басына атып өлтіру мүмкін –
емес!..
Қысым көріп, қанша жан
зарлап өткен,
Азаттыққа ұрпақпыз, зорға жеткен
Таңым атты көк бөрі, көкбайрақты
Ата бабам кешегі арман еткен.
Балапандай қарсы алдым дала
таңын,
Жапырақ жайды жарыққа
алақанын,
Аруағыңды күзетіп тұрғандай
бір –
Ескерткішке айналып Алатауым!...
Сәкен Ілияс, Бейімбет, Бабатауым...
15/IV-1992 ж




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу