Өлеңдер ✍️

  03.01.2023
  87


Автор: Қанипа Бұғыбаева

* * *

Көрсеқызар көз, көңіл,
жылтырақпен алдармыз,
Алданбайтын жүректі қандай –
жолмен жалғармыз.
Тартылыспен айналып, бір – бірінің
мәңгілік –
Қасиетін асырған, аспан жалғыз,
жер жалғыз...
Бірімізді біріміз, қашан, ұйып,
тыңдармыз,
Өзімізге өзіміз түсініксіз
біржанбыз.
Жан біткенді жердегі алаламай,
шетқақпай –
Тегін шашқан жарығын көктегі
анау Күн жалғыз.
Арып ашып, оралдық, алыс,
қиын жолдан біз,
Шықпаса екен тағыда шыңыраулы
алдан құз.
Таңда туған шолпанмен, аспандағы
ай жалғыз,
Дүниедегі жатпен, сүйіктімсің,
сен жалғыз...
«Жалғыздардан» – сағынышпен,
арманбыз.
Ай сәулесін жамылып,
келмейсің бе, Сен
жалғыз?!..
Сезімімнің алдынан сыбызғыңды
сыңсытып,
Айдындағы аққудай
қарсы ұшайын
мен жалғыз
Кеудемдегі жүректей,
болдың неге,
сен жалғыз?...
21/XI-1991 ж




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу